ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Алматы – біздің ортақ үйіміз»: 1 наурызда қалада...

«Алматы – біздің ортақ үйіміз»: 1 наурызда қалада абаттандыру және көгалдандыру бойынша ауқымды науқан басталады

Әлеумет 28.02.2025, 18:16 780
«Алматы – біздің ортақ үйіміз»: 1 наурызда қалада абаттандыру және көгалдандыру бойынша ауқымды науқан басталады
Алматы қаласы әкімдігі
1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» ауқымды науқаны өтеді. Науқан мақсаттарының бірі - экологиялық мәдениетті арттыру...

1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» ауқымды науқаны өтеді. Науқан мақсаттарының бірі - экологиялық мәдениетті арттыру және қала тұрғындары арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Науқан төрт тақырыптық апта бойынша өтеді, олар:

* «Таза көшелер» (1-9 наурыз) - аялдамаларды, жол белгілерін тазарту,қоқыс жәшіктерін орнату, магистральдарды абаттандыру;
* «Таза саябақтар, скверлер мен таулар» (10-16 наурыз) - табиғи аймақтардағы сенбіліктер және қоқыс жинау жұмыстары;
* «Таза аулалар» (17-23 наурыз) - аула аумақтарын, балалар және спорт алаңдарын, абаттандыру элементтерін жинау және сырлау, көгалдандыру, «Үздік аула/аула сыпырушы/аула жанындағы бау-бақша конкурстары;
* «Біздің қала – біздің мақтанышымыз» (24 наурыз–1 сәуір) ескерткіштерді абаттандыру және ағаштарды жаппай отырғызу.

«Өткен жылы басталған экологиялық бастамаларды жалғастыра отырып, біз бірге қаламызды таза әрі жайлы етуге тырысамыз. 2024 жылы Алматыда абаттандырудың жаңа ережелері бекітілді, оның аясында 6 мыңнан астам кәсіпкерлік объектілері үшін абаттандыру паспорттарының жүйесі енгізілді. Бүгінгі таңда 4918 паспорт ресімделді, бұл жоспарланғанның 82%-ын құрайды. Паспорттау қасбеттерді, тротуарларды, жасыл аймақтарды және басқа да объектілерді қоса алғанда, іргелес аумақтар үшін жауапкершілікті бекітуге мүмкіндік береді», - деді Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов.

Науқан аясында 600-ден астам заңсыз стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) бөлшектеу, 1 сәуірге дейін вандалға қарсы 12 мың урна орнату, 4020-дан астам ауланы абаттандыру, 445 саябақ пен гүлзарды, өзендер мен көлдердің жағалауларын тазалау, сондай-ақ 5 мың ағаш пен бұта отырғызу жоспарланған.

«Құрметті тұрғындар! «Алматы-біздің ортақ үйіміз», ал әрбір үй таза әрі жайлы болу керек. Сіздердің әрқайсыларыңызды қоқыстарды тазалауға, табиғатты қорғауға және тазалықты сақтауға шақырамын. Біздің науқанға қосылыңыз! Біздің қала барлығына үлгі болсын! Алматыға деген қамқорлығыңыз бен сүйіспеншілігіңіз үшін рахмет!», - Алматы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров осылайша алматылықтарды қаланы тазартуға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Барлық толық ақпарат Almaty.kz сайтында жарияланатын болады

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,445 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,338 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.