AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар...

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Спорт 03.05.2026, 14:06 697
Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды
Алматы әкімдігі

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда 2010 жылы туған ұлдар клубтық командалары арасында Ұлттық лига (U-15) аясындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері айтты.

Жарыс қорытындысы бойынша чемпиондық атақты Алматы атынан сынға түскен «Алматинский легион 2010» командасы жеңіп алды. Финалда алматылықтар «Астана U15» ұжымын ұтып, алтын медальға қол жеткізді.

Команда үшін маусым аса нәтижелі болды: 28 ойынның 26-сында жеңіске жетіп, тек екі кездесуде ғана қарсыластарға жол берді. Бұл нәтижеге тұрақты чемпионат пен плей-офф кезеңіндегі ойындар кіреді.

Турнир қорытындысы бойынша алматылық спортшылар бірқатар жеке марапатқа ие болды:

— чемпионаттың үздік ойыншысы — Асанәлі Алматұлы;

— чемпионаттың MVP ойыншысы — Лев Горинский;

— 2025/2026 маусымының үздік жаттықтырушысы — Анастасия Овечкина.

Чемпионат 2025 жылдың қазан айынан 2026 жылдың мамыр айына дейін өтіп, ұлттық құрама резервін даярлауда маңызды алаңға айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт #баскетбол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);