AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әуежайындағы көлік кептелісі мәселесі қашан...

Алматы әуежайындағы көлік кептелісі мәселесі қашан шешіледі?

Әлеумет 07.04.2023, 18:22 1,468 Аlmaty-akshamy.kz
Алматы әуежайындағы көлік кептелісі мәселесі қашан шешіледі?
сурет:aeroport-almaty.ru

Көлік тұрағындағы адамдар ағыны – әуежайдың басты мәселелерінің бірі.


Алматы халықаралық әуежайының президенті Алып Ер Тұнға Ерсой әуежайдағы көлік тұрағы мен кептеліс мәселесі келесі жылы бүкіл жобалар аяқталған соң шешімін табатынын айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Өздеріңіз білетіндей, көлік тұрағындағы адамдар ағыны – әуежайдың басты мәселелерінің бірі. Қазіргі таңда пандус қайта салынып жатыр. Сол себепті ұшып шығу жолдарына апаратын жол жабық. Пандустың реконструкциясын биыл шілде-тамыз айларында аяқтауды көздеп отырмыз. Осыдан соң халықаралық рейстерге пайдаланылатын жаңа пандусты салу жоспарланған», - деді Алып Ер Тұнға Ерсой.



Спикер кептеліс мәселесі келесі жылы барлық жобалар аяқталған соң шешімін табатынын жеткізді.



«Ұшақ ұшатын жерге жолды ашқан кезде, мәселе шешімін табады. Себебі, ұшу аймақтарына баратын балама жол пайда болады. Жаңа VIP-терминалдың құрылысы аяқталған соң, оңтүстік VIP-тің алаңдары тұрақ үшін пайдаланылатын болады. Екінші пандустың құрылысы аяқталған соң, тұрақ кеңейтіледі. Жалпы, алдағы уақытта әуежайдағы тұрақ, кептеліс мәселесі шешімін табатын болады деп ойлаймын», - деді ол.



Сондай-ақ Алып Ер Тұнға Ерсойдың айтуынша, Алматы әуежайының жаңа терминалының құрылысы бүгінгі күні 53% аяқталған. Терминалды келесі 2024 жылы жазда тапсыру жоспарланған.


Сондай-ақ әуе айлағының басшысы Алматы әуежайының аумағында такси тасымалымен заңсыз айналасу проблемасына қатысты айтты.



«Әуежай аумағында жүретін заңсыз таксилер – біздің кезекті проблеманың бірі. Өкінішке қарай, әуежай аумағындағы жеке тасымалдауды реттеу мемлекеттік органдардың құзыретіне кіреді. Біз полициямен жиі хабарласып тұрамыз. Мәселелер туындаса, біз үнемі оларға хабарласамыз. Тағы қайталап айтайын, ол біздің құзыретімізге кірмейді. Бірақ, біз қолдан келетін барлық шараларды жасаудамыз. Мен адамдарды тасымалдаумен айналысатын жеке компания болғаны үшін, көліктер бір стандартта, жүргізушілер бір униформада, жолаушыларға қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында таксопарктардың өкілдерімен кездестім, бәрін ресми түрде рәсімдеуге ұсындым. Өкінішке орай, біз әлі консенсусқа жеткен жоқпыз», - деді Алып Ер Тұнға Ерсой.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы әуежайы #Алматы #аэропорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);