ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі Үндістанның Қазақстандағы елшісі Сайл...

Алматы әкімі Үндістанның Қазақстандағы елшісі Сайлас Тангалмен кездесті

Алматы 16.09.2025, 10:07 435
Алматы әкімі Үндістанның Қазақстандағы елшісі Сайлас Тангалмен кездесті
Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстандағы Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангалмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік салалардағы...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстандағы Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангалмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жобаларын талқылады.

2025 жылы қаңтар-маусым айларында Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 547 млн АҚШ долларынан асты, оның ішінде 183 млн доллары Алматыға тиесілі. Бұған қоса, аталған кезеңде қалаға Үндістаннан 56 мыңнан астам турист келді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16% көп.

Дархан Сатыбалды Алматыны еліміздің мәдени, ғылыми, іскерлік және қаржылық орталығы екенін атап өтті. Қазақстан Республикасының жалпы өңірлік өнімінің бестен бір бөлігі – Алматыда.

Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 27 мың АҚШ долларына тең, ал болжам бойынша 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 6,4% деңгейінде болмақ. 

Қала әкімі мегаполистің инвестициялық тартымдылығына ерекше тоқталды. 2024 жылы Алматыға шамамен 5,7 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,2% артық. Оның шамамен 90%-ы жеке инвестиция. Бүгінде қалада үнді капиталы тартылған 258 кәсіпорын жұмыс істейді.

Туристік байланысты дамытуға да айрықша көңіл бөлінді. Тікелей әуе қатынасын кеңейту үлкен рөл атқарып келеді. Алматыдан Дели мен Мумбайға тұрақты рейстер, сондай-ақ Гоаға маусымдық рейстер ашылған. 

Кездесу қорытындысы бойынша Алматы әкімі серіктестіктің болашағы зор бағыттары ретінде IT-секторды, фармацевтиканы, өңдеуші өнеркәсіпті және жаңа технологияны атады.

«Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастар барлық бағытта дами береді, бұл екі халықтың бауырластық байланысын нығайтады деп сенемін. Кездесу үшін алғыс білдіремін және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт артамын», – деді Дархан Сатыбалды.

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан мен Үндістан арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 33 жыл толды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,983 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.