AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі Түрксіб ауданын жұмыс сапарымен арала...

Алматы әкімі Түрксіб ауданын жұмыс сапарымен аралады

Барлығы 12.12.2025, 14:32 656 dulatbekova
Алматы әкімі Түрксіб ауданын жұмыс сапарымен аралады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданын жұмыс сапарымен аралап, қалалық ортаны жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған негізгі аумақтарды көріктендіру жоспарлары және жобаларымен танысты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жұмыс сапары аясында қала әкіміне «Қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша Шолохов көшесін Сүйінбай дайңғылынан Ержанов көшесіне дейінгі аралықта орташа жөндеу жоспары таныстырылды. Бұл аумақта ауданның ең жүктемесі жоғары көшелерінің бірін кешенді көріктендіру көзделген. Жоба аясында жол және жүргінші инфрақұрылымын жаңарту, сыртқы жарықтандыруды жаңғырту, сәулеттік нысандар орнату, жасыл аймақты дамыту және көше жиһаздарын орналастыру жоспарланып отыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылға белгіленген.

Сондай-ақ Майборода көшесінде Сейфуллин даңғылынан Байкальская көшесіне дейін жүргіншілер аймағын құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Жоба тротуарларды көріктендіруді, шағын сәулет нысандарын орнатуды, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуді және серуендеуге қолайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруды қамтиды. Жобаны іске асыру кезең-кезеңімен жоспарланып отыр.

Дархан Сатыбалды тұрғындардың жайлылығына бағытталған заманауи, қауіпсіз әрі көріктендірілген қалалық ортаны қалыптастырудың маңызын атап өтті. Аталған жобаларды іске асыру көлік байланысын жақсартуға, ауданның туристік тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді.

Түрксіб ауданында жүргізіліп жатқан жұмыстар қала инфрақұрылымын жаңғырту және қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Жұмыс сапары #Түрксіб ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);