ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі мердігерлерге аванс беруді тоқтатты:...

Алматы әкімі мердігерлерге аванс беруді тоқтатты: төлем тек нақты орындалған жұмыс үшін беріледі

Алматы 17.12.2025, 17:06 321
Алматы әкімі мердігерлерге аванс беруді тоқтатты: төлем тек нақты орындалған жұмыс үшін беріледі
Алматы әкімдігі
ОКҚ алаңында өткен брифингте Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мердігер ұйымдарға аванстық төлем беруді тоқтату туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Бұдан былай келісімшарт бойынша төлем...

ОКҚ алаңында өткен брифингте Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мердігер ұйымдарға аванстық төлем беруді тоқтату туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Бұдан былай келісімшарт бойынша төлем тек нақты орындалған жұмыстың нәтижесі бойынша беріледі.

Жұмыс сапары мен күрделі нысандарды тексеру барысында бірқатар компанияның конкурста жеңіске жетіп, аванс алып, өзіне жүктелген жұмыстың барлығын қосалқы мердігер ұйымдарға толықтай беріп отырғаны анықталған. Бұл ретте олар жобаларды жүзеге асыруға іс жүзінде қатыспайды.

"Жұмысқа кіріскен алғашқы күннен бастап көптеген компанияның конкурсқа қатысып, аванс алып, кейін жұмысты 100% қосалқы мердігерлерге тапсыратынын көрдім. Өздері басқа өңірлерде болып, нысанға іс жүзінде келмейді", – деді Дархан Сатыбалды.

Әкім қазіргі уақытта конкурстардың жеңімпазы Қаржы министрлігінің порталында қолданылатын рейтингтік-балдық жүйе арқылы айқындалатынын еске салды. Бұл жүйеде жеңімпаз автоматты түрде анықталады, онда адами фактор жоқ.

"Компаниялар конкурстарда 30 пайыздық аванс қарастырылғанын көріп, шын мәнінде тек сол қаражат үшін ғана қатысады. Соның кесірінен жобаларды жүзеге асыру мерзімі созылып кетеді, ал тапсырыс беруші компания құрылтайшыларын басқа қалалардан іздеуге мәжбүр болады", – деді мегаполис басшысы.

Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі аванстық төлемнен бас тарту туралы шешім қабылдады. "Мұндай жағдай енді қайталанбауы үшін біз нақты шешім қабылдадық: алдымен жұмыс орындалады, содан кейін ғана төлем жасалады. Аванссыз", – деді Алматы әкімі.

Жаңа тәжірибе мердігер ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға, олардың жобаларға нақты қатысуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қаладағы құрылыс және инфрақұрылымдық жұмыстарды уақытылы орындауға мүмкіндік бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.