ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі Есен Дүйсенов көшесінің бір бөлігін к...

Алматы әкімі Есен Дүйсенов көшесінің бір бөлігін көріктендіру жобасымен танысты

Алматы 12.01.2026, 09:27 285
Алматы әкімі Есен Дүйсенов көшесінің бір бөлігін көріктендіру жобасымен танысты
Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда Есен Дүйсенов көшесіндегі қалалық кеңістікті кешенді көріктендіру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда Есен Дүйсенов көшесіндегі қалалық кеңістікті кешенді көріктендіру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Есен Дүйсенов көшесінің Розыбакиев көшесінен Даргомыжский көшесіне дейінгі аралықты аралап, аталған аумақта жүргізілетін күрделі жөндеу жобасымен танысты.

Жоба аясында ұзындығы 2,3 шақырым болатын көше кеңістігі кешенді түрде жаңғыртылмақ. Атап айтқанда, кең көлемде көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, жүргіншілерге арналған аймақтар абаттандырылады, асфальт-бетон және плитка жабындары төселеді, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады. Сонымен қатар, жарықтандыру және суару жүйелері жаңартылып, заманауи талаптарға сәйкестендіріледі.

Сондай-ақ, жоба аясында балалар мен спорт алаңдарын салу, workout-аймақтар құру, ашық спорттық жаттығу құралдарын орнату, футбол алаңын, скейт-парк, шахмат үстелдерін, велосипед тұрақтарын және ауызсу бұрқақтарын орналастыру көзделген. Бұдан бөлек, суару жүйесін жөндеу, тамшылатып суару жүйесін енгізу және кабель желілерін жаңарту жоспарланған. Жоба Прокофьев көшесіндегі учаскелерді және «Будан» скверінің аумағын да қамтиды.

Сонымен қатар, Алматы әкімі Алмалы ауданында 240 орынға арналған балабақша құрылысының барысымен танысты.

Сапар қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды абаттандыру жұмыстарының сапалы әрі ұзақ мерзімге қызмет ететін сенімді шешімдер негізінде жүзеге асырылуы қажеттігін атап өтті. Қала басшысы алматылықтардың заманауи, көркем әрі жайлы қалалық ортада өмір сүруі тиіс екенін айтып, жауапты басқармалар мен аудан әкімдігіне жобаны сапалы әрі белгіленген мерзімде жүзеге асыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.