AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайдағы ірі қоқыс өң...

Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайдағы ірі қоқыс өңдеу зауытының жұмысымен танысты

Барлығы 20.02.2025, 15:27 782 dulatbekova
Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайдағы ірі қоқыс өңдеу зауытының жұмысымен танысты
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚХР-ға жұмыс сапары барысында Цзясин қаласында (Шанхай маңында) орналасқан SUS Environment тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу зауытына барды.
 
Shanghai SUS Environment – экология және энергетика саласындағы кешенді қызметтерді ұсынатын әлемдік жетекші компания. Ол қалдықтарды энергияға айналдыру бойынша әлемдік нарықта көш бастап тұр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

2008 жылы негізі қаланған компанияның Қытай, Вьетнам, Бангладеш, Тайланд, Малайзия, Индонезия, Филиппин және Өзбекстан елдерінде қоқыс өңдеу зауыттары бар. Бүгінде компанияда 3,5 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді, 10 халықаралық басқару орталығы мен 1 жаһандық өндірістік орталыққа ие.

SUS Environment зауыттарының басты ерекшелігі – заманауи дыбыс оқшаулау және ауа сүзгілеу жүйелерімен жабдықталуы. Бұл технология шу деңгейін барынша азайтып, жағымсыз иістерді жояды. 

Сонымен қатар, зауыттардың айналасында жасыл аймақтар, көгалдар және ағаштар отырғызылып, жергілікті тұрғындар үшін қолайлы экологиялық орта қалыптастырады. 

Компанияның тең құрылтайшысы әрі операциялық директоры Чжу Сяопин Алматы әкімі Ерболат Досаевқа SUS Environment қалдықтарды өңдеу станцияларының энергия өндіру тиімділігі 26%-ға жеткенін айтты. Бұл орташа салалық көрсеткіштерден жоғары және Қытай мен Еуропаның экологиялық стандарттарына сәйкес келеді.

SUS Environment – қалдықтарды энергияға айналдыру технологиялары мен жабдықтарын жеткізуші №1 компания. Ол 287 қоқыс өңдеу зауытына қолданылатын 273 патентке ие. Сонымен қатар, эко-индустриалды парктерді дамытуға инвестиция салатын әлемдегі ең ірі үш компанияның бірі. Бүгінде компания 84 жобаны іске асырып, күніне 110 мың тонна қалдық өңдеу қуатына және жылына 18 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіруге қол жеткізді. Бұл энергия 2,65 млн шаршы метр аумақты жылытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта компания SUS 4.0 жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу жұмыстарын жүргізуде. Бұл бастама қалдықтарды энергияға айналдыру кезінде көміртек шығарындыларын ақылды басқару және жылуды тиімді пайдалану технологияларын қамтиды. Сондай-ақ, онлайн мониторинг жүйесі, көміртекті ұстау технологиясы және интеллектуалды басқару жүйесі енгізілмек.

Кездесу соңында тараптар екіжақты серіктестікті дамыту және өзара ынтымақтастық орнату жөнінде келісімге келді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы әкімі #ҚХР сапары #қайта өңдеу зауыты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);