ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Алматы әкімі Ерболат Досаев Италия мен Индонезия...

Алматы әкімі Ерболат Досаев Италия мен Индонезия елшілерімен кездесті

Саясат 22.04.2022, 12:24 1,561
Алматы әкімі Ерболат Досаев  Италия мен Индонезия елшілерімен кездесті
almaty-akshamy.kz
Италияның Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті елшісі Марко Альбертимен кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ...

 Италияның Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті елшісі Марко Альбертимен кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ инновациялар мен жаңа технологиялар саласындағы  серіктестік мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Италия Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің тізіміне кіреді, сондай-ақ республиканың ірі инвесторларының бірі болып табылады. Бұл ретте Алматыда итальяндық капиталдың қатысуымен 100-ден астам кәсіпорын белсенді жұмыс істейді, ал ел бойынша олардың жалпы саны - 280. Тараптар сондай-ақ Алматының индустриалды аймағында тамақ өнімдерін өндіру бойынша Италияның қатысуымен фуд-кластер құру перспективаларын талқылады.



Кездесу барысында биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай елшіліктің  екіжақты қарым-қатынастарды нығайту және жаңа деңгейге көтеру үшін 30 бастама дайындап жатқаны атап өтілді. Мәселен, Алматыда Орталық Азия мен Кавказ өңірінде алғашқы итальяндық мәдени орталықтың ашылуы және қыркүйекте мәдени көрме өткізу жоспарланып отыр. Алматының бірқатар жоғары оқу орындарында студенттер итальян тілін үйренуде, Қазақстанда алғаш рет итальян тілін оқыту Алматы мектептерінің бірінде басталды.



Қала басшысы мен Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі  ағымдағы жылдың  маусымынан  бастап Алматы – Милан – Алматы бағыты бойынша тікелей әуе қатынасының іске қосылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтып, туризмнің дамуына серпін беретініне сенім білдірді. Елші қалалар деңгейіндегі дипломатия халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға оң әсер бере алатынын атап өтті.



Елші Италия тарапының Алматыда креативті индустриялардың инновациялық орталығын құруды қаржыландыруға дайын екенін мәлімдеді. Марко Альбертидің айтуынша, ол Италиядан Қазақстанға инвестициялар ағынын едәуір ұлғайтуды өзінің міндеті деп санайды. Ерболат Досаев Алматы республикаға шетелдік инвестицияларды тарту үшін хаб бола алатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, тараптар Алматының индустриялық аймағында, бірінші кезекте тамақ өнімдерін өндіру бойынша бірлескен кәсіпорындар құру перспективаларын   да   талқылады.




Алматы әкімі сондай-ақ осы жылдың ақпан айында қызметке кіріскен Индонезия елшісі Мохаммад Фаджрул  Рахманмен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар Алматы инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.


Халықаралық туристік көрмеге қатысу үшін Алматыға келген  елші  жыл сайын 10 мыңға жуық қазақстандық келетін Алматы мен Бали арасында бауырлас  қарым-қатынас орнатуды ұсынды.



Қазіргі кезде қалада индонезиялық капиталдың қатысуымен 2 кәсіпорын жұмыс істейді. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2021 жылдың қорытындысы бойынша 13,5 млн АҚШ долларын құрады, 2020 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 12,5%-ға артқан.



Кездесуге қатысушылар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін айтарлықтай әлеует пен перспективалық бағыттарды атап өтті.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.