ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Оқушылар сарайы мен...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Оқушылар сарайы мен Алматы музейінің жұмысымен танысты

Алматы 28.11.2025, 12:29 386
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Оқушылар сарайы мен Алматы музейінің жұмысымен танысты
Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Оқушылар сарайына барып, қаланың ең ірі қосымша білім беру орталығының қызметімен танысты. 1983 жылдан бері жұмыс істейтін бұл мекеме жыл сайын 6-17 жас аралығындағы...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Оқушылар сарайына барып, қаланың ең ірі қосымша білім беру орталығының қызметімен танысты.
 
1983 жылдан бері жұмыс істейтін бұл мекеме жыл сайын 6-17 жас аралығындағы балаларға спорттық, көркем-қолданбалы, ғылыми-техникалық, экологиялық, туристік-өлкетану, әлеуметтік-педагогикалық және музыкалық бағыттар бойынша бағдарлама ұсынады. Бүгінде Оқушылар сарайында 15,1 мыңнан астам бала білім алып жүр, олардың 7,9 мыңнан астамы тұрақты түрде қатысып жүр. 200-ден астам мұғалім оқу кабинеті, зертхана, бассейні бар спорт кешені, планетарий, обсерватория және шығармашылық студияда сабақ береді.
 
Дархан Сатыбалды орталықтың инфрақұрылымымен танысып, классикалық музыка және робототехника сыныптарын аралады. Алматы әкімі мұндай бағыттарды дамыту Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды іске асыру аясында жүргізіліп жатқанын, ал қосымша білім беру бағдарламаларының мазмұны мен алуан түрлілігі балалардың жан-жақты дамуының маңызды бөлігі екенін атап өтті.


 
Барлық бөлме тәулік бойы бейнебақылаумен, өрт дабылымен және заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. Дархан Сатыбалды қосымша білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту қажеттігін айтты.
 
Жұмыс сапары барысында қала әкімі Алматы музейіне де барып, экспозициямен қатар, мекеменің қызметімен танысты. 2002 жылы құрылған музей бүгінде Жетісу өңірінің тарихи-мәдени мұрасынан сыр шертетін қаланың жетекші мәдени орталықтарының бірі. Музей қорында 40 мыңға жуық экспонат бар, олардың қатарында археологиялық олжалар, түрлі дәуірлердің этнографиясы мен тұрмыс бұйымдары, фотодеректер, бейнелеу өнерінің туындылары және Алматы қаласының мыңжылдық тарихын қамтитын бірегей топтамалар бар.


 
Ежелгі қоныс кезеңінен қазіргі мегаполиске дейінгі уақытты қамтитын экспозиция 11 тақырыптық залда орналасқан. Әкімге LED-экран, ақпараттық құрылғы, проекциялық жүйе және интерактивті кескіндеме сынды музейдің заманауи мультимедиялық шешімдері көрсетілді. Дархан Сатыбалды тарихи-мәдени мұраны сақтау мен мәдени нысандардың қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолжетімділігін арттырудың маңыздылығын атады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.