AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі азаматтарды жеке мәселесі бойынша қаб...

Алматы әкімі азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Әлеумет 18.10.2025, 12:07 628 yakiya
Алматы әкімі азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады
Алматы әкімдігі

Алматы қаласы әкімдігінде қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен азаматтарды жеке қабылдау өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Кездесу барысында тұрғындар баспана, коммуналдық инфрақұрылым, көлік қатынасы, жер қатынастары, денсаулық сақтау және құрылыс саласындағы заңдылық мәселелер көтерді.

Әсіресе әлеуметтік осал топтар – зейнеткерлер, жалғызбасты аналар мен бюджеттік сала қызметкерлерінің өтініштеріне ерекше назар аударылды. Тұрғын үй бөлу және «Отбасы банк» электронды платформасы арқылы кезекке қою жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар электр энергиясының тұрақсыз берілуі мен коммуналдық қызметтердің сапасына қатысты өтініштер қаралды. Әкімнің тапсырмасымен тиісті басқармалар мен энергетикалық компаниялар электр желілерін қала меншігіне тезірек қабылдап, үздіксіз электрмен қамтуды қамтамасыз ету бағытында шаралар қабылдайды.

Алатау және Медеу ауданындағы құрылыс нысандарының заңдылығын тексеру бойынша тапсырма берілді. Сондай-ақ қалалық мобильділік басқармасына көлік қатынасын және жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту бойынша ұсыныстарды қарау тапсырылды.

Бұдан бөлек, шағын бизнеске арналған жер телімдерін бөлу және тұрғындарды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды.

«Әр өтініштің артында нақты адам мен оның өмірлік жағдайы тұр. Сондықтан барлық мәселе жеке бақылауыма алынды», – деді қала әкімі Дархан Сатыбалды.

Айта кетейік, азаматтарды жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді. Оның мақсаты – халық пен атқарушы билік арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ету. Сонымен қатар қала әкімі күн сайын аудандарға шығып, тұрғындармен кездесіп, берілген тапсырмалардың орындалуын өз бақылауында ұстайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкім #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);