AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Исабеков Ме...

Алматы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Исабеков Медеу ауданындағы бірқатар нысанды аралады

Барлығы 08.09.2025, 11:43 766 dulatbekova
Алматы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Исабеков Медеу ауданындағы бірқатар нысанды аралады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жақында ғана жаңартудан өткен Алматыдағы Терренкур бүгінде қала тұрғындарының сүйікті орнына айналды. Алғашқы күндері бұл жаңа демалыс орнына күніне 3 мыңдай адам келсе, қазір олардың саны 10 мыңнан асқан. 

Аппарат басшысы жаңартылған инфрақұрылымды сақтаудың маңыздылығына тоқталып, шағын сәулет нысандарын күнделікті күтіп-ұстау, ақауларды дер кезінде жойып, бейнебақылау камераларын орнату және келушілерге ыңғайлы болу үшін автотұрақ орындарын қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Зенков көшесіндегі «Халық қатысатын бюджет» аясында жөнделетін аулаларды аралау кезінде автосуару жүйесінің жұмыс істемей тұрғанына назар аударылып, оның себебін анықтау міндеттелді. Сондай-ақ, аулаларға жарық беруді ұйымдастыру мен уәкілетті органдардың рұқсатымен ағаштарды күтіп-баптау қажеттілігі айтылды.

Аппарат басшысы мердігер компания өкіліне жөндеу жұмыстары айдың соңына дейін аяқталмаса, сотқа жүгініп, мердігерді жауапсыз деп тану үшін сотқа талап-арыз беретінін айтты.

Көк базарға барған кезде Ерлан Исабеков тұрғындардың базар айналасындағы тазалыққа байланысты жиі шағым айтатынын атады. Сонымен қатар таңғы уақытта (сағат 6.00-ден 8.00-ге дейін) ұйымдаспаған сауданы заң талаптарына сәйкестендіріп, содан кейін қолайлы жағдай жасауды ұсынды. Бұл сауданың көп жылдан бері жалғасып келе жатқанын әрі тұрғындарға жергілікті ауылшаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен алуға мүмкіндік беретінін ескеру қажеттігін айтты.

Қаланың Орталық саябағында аппарат басшысы қоғамдық кеңістіктің жағдайымен танысып, күтім сапасымен танысты. Ерлан Исабеков саябақ аумағындағы ағаштарды санитарлық мақсатта кесу мен жарық жүйесін жақсартудың қажеттігін атады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу ауданы #нысандар #аралау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);