AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі Алатау ауданында инженерлік желілерді...

Алматы әкімі Алатау ауданында инженерлік желілердің құрылысын мерзімінде аяқтауды тапсырды

Барлығы 11.09.2025, 16:00 574 Сұлу
Алматы әкімі Алатау ауданында инженерлік желілердің құрылысын мерзімінде аяқтауды тапсырды
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алатау ауданына жасаған жұмыс сапары барысында «Айгерім-1,2» және «Шаңырақ-1» шағынаудандарының тұрғындарымен кездесті.

Тұрғындар ауызсу және кәріз желілерінің құрылысы баяу жүріп жатқанына наразылық білдірді.

«Айгерім-1,2» шағынауданында тарату желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаны жүзеге асыру 2021 жылы басталған. Су құбырының жалпы ұзындығы – 104,5 шақырым, кәріз желісі – 29,5 шақырым. Қала әкімі жұмыстың орындалу қарқынына көңілі толмай, бақылауды күшейтуді тапсырды. Құрылысты аяқтау келесі жылға жоспарланған.

Бұдан бөлек, Дархан Сатыбалды көшелерді асфальттауды соза бермей, желі құрылысы біткен аумақтарға жол жабындысын кезең-кезеңімен төсеуді, ал жұмыс әлі жүріп жатқан учаскелерде уақытша асфальт қиыршығын пайдалануды тапсырды.

Сонымен қатар, «Шаңырақ-1» шағынауданында тұрғындармен кездесу өтті. Мұнда да тарату желілерін салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба бойынша ұзындығы 45,7 шақырым су құбыры, 53,8 шақырым кәріз желісі және 10 кәріздік-сорғы станциясы салынып, 2,2 мыңнан астам тұтынушы қамтылуы тиіс.

Тұрғындар жобаның ұзаққа созылғанына шағымданды. Алматы әкімі жұмысты екі ай мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші бойынша бастапқы жобаға кірмеген төрт көшеге асфальт төселеді. Инженерлік желілер тартылып біткен учаскелерде де кезең-кезеңімен жол жабындысы төселеді.

Жергілікті халық жол қауіпсіздігі, көше жарығы, балалар алаңқайларын салу және өзге де мәселелерді көтерді. Дархан Сатыбалды жауапты басқармаларға оларды шешу жолдарын қарастырып, тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Тұрғындар #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);