ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қ...

Алматы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Заң мен тəртіп 27.03.2025, 10:09 610
Алматы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимовтың қатысуымен Алматы...

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимовтың қатысуымен Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 

Жиында автожол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысы қаралды. Сонымен қатар, Алматы қаласының Әдеп кеңесінің қызметі туралы есеп тыңдалды.

 

Көтерілген мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған нақты ұсыныстар берілді.

 

Құрылыс және жол жөндеу саласында Алматы әкімі Е.Досаевтың тапсырмасымен ҚР Индустрия және құрылыс министрлігіне авторлық және техникалық қадағалау жұмыстарын орындаушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жолданды.

Сонымен қатар, әкімнің тапсырмасына сәйкес, квазимемлекеттік ұйымдардағы комплаенс-қызметтер үшін маман даярлау мәселесі қарастырылатын болады. Осыған байланысты биылғы жылға арналған тиісті жұмыс жоспары әзірленеді.

 

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту жұмыстары да жалғасады.

 

А. Рахимов сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл кешенді тәсілді талап ететінін атап өтті. Ол тек құқықбұзушылықтарды анықтаумен және жолын кесумен ғана шектелмей, алдын алу шараларын да қамтуы қажет. Негізгі міндеттер – квазимемлекеттік секторда комплаенс-жүйені дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстарды орындау және ашықтықты арттыру.

 

Жалпы, Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде құқықбұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау бағытында оң динамика байқалып отыр.

 

Отырыс қорытындысы бойынша қала әкімі Е. Досаев жергілікті атқарушы органдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстар қала басшылығының ерекше бақылауында екенін және бұл бағыттағы шаралар биыл да жалғасатынын атап өтті.

Аудан әкімдері мен қалалық басқарма басшыларына жұмысты жандандырып, қойылған міндеттерді жүйелі түрде шешу тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.