AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімдігі Горький атындағы орталық саябақтағ...

Алматы әкімдігі Горький атындағы орталық саябақтағы 5 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарады

Алматы 20.05.2026, 11:07 168 yakiya
Алматы әкімдігі Горький атындағы орталық саябақтағы 5 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарады
Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігі Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағындағы жер телімдерін жалға беру мерзімін ұзартудан бас тартты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мұндай шешім жалға алушы - «ТФК «Алтын-Тараз» ЖШС тарапынан саябақты көріктендіру мен инфрақұрылымды дамытуға қажетті инвестиция салынбауына байланысты қабылданған. Жалға алушы әкімдік шешіміне сот арқылы шағымдануға әрекеттенгенімен, сот талап арызды қанағаттандырмады.

Осылайша саябақ аумағындағы жалпы көлемі 5 гектардан тұратын 94 жер телімі мемлекет қарамағына өтеді.

Жалға алу қатынастарын тоқтатуға саябақ аумағының ұзақ уақыт бойы тиісті деңгейде күтіп ұсталмауы негізгі себептердің бірі болды. Қазіргі таңда инфрақұрылым мен аттракциондардың едәуір бөлігі ескірген. Қаланың басты демалыс орындарының бірінің жағдайына қатысты тұрғындар тарапынан да көптеген сын-ескертулер айтылып келеді.

Өзінің тарихи әрі мәдени маңызына қарамастан, бүгінде саябақ қоғамдық кеңістіктерге қойылатын заманауи талаптарға толық сәйкес келмейді. Осыған байланысты Алматы әкімдігі аумақты кешенді жаңғырту тұжырымдамасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Жоба аясында көгалдандыру, заманауи демалыс аймақтарын құру, сондай-ақ туристік және мәдени инфрақұрылымды дамыту көзделген. Бұл өз кезегінде саябақты қала тұрғындары мен туристер үшін жайлы әрі тартымды қоғамдық кеңістікке айналдыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саябақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);