AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімдігі бұрынғы трамвай депосының орнына н...

Алматы әкімдігі бұрынғы трамвай депосының орнына не және қашан салынатынын айтты

Алматы 31.07.2026, 10:35 317
Алматы әкімдігі бұрынғы трамвай депосының орнына не және қашан салынатынын айтты

Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінде жүйелі қала құрылысы шешімдері қабылданып, ауқымды жобаны іске асыру басталды. Гоголь және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан бұрынғы трамвай депосының аумағында жалпы ауданы шамамен 32 мың шаршы метр болатын креативті кластер салу жоспарланған. Жобаның функционалдық моделі креативті индустрияларды дамытуға арналған толыққанды инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған.

Кластер құрамында көпфункциялы концерт залы, қоғамдық холл мен іс-шараларға арналған кеңістік, креативті индустрия өкілдеріне арналған студия мен шеберхана, қазақстандық дизайнерлердің шоурумдары, заманауи өнер галереясы, қалалық іс-шаралар өткізуге арналған атриум, сондай-ақ креативті кәсіпкерлерге арналған кеңсе кеңістіктері қарастырылған.

Бұдан бөлек, жоба аясында амфитеатр, жазғы сахна, саябақ аймағы және балалар ойын инфрақұрылымы бар көркейтілген аумақ салынып, тұрғындар үшін ашық әрі қолжетімді қоғамдық кеңістік қалыптастырылады.

«Бұл жоба жекелеген аумақты көріктендірумен ғана шектелмейді. Оның басты мақсаты – аумақтың функционалдық рөлін өзгертіп, адами капитал мен креативті экономиканы дамытуға бағытталған жаңа орталық қалыптастыру. Аталған аумақтың ұзақ уақыт бойы пайдаланылмауы осындай ауқымды жобаны әзірлеу және келісу жұмыстарының күрделілігімен байланысты болды. Өйткені жоба қала құрылысы мен сараптаманың барлық кезеңінен өтуді талап етті. Жоба Қала құрылысы кеңесінің мақұлдауына ие болып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Яғни бүгінде жобаның тұжырымдамасы ғана емес, жобалық құжаттамасы да толық бекітілген. Ескі ғимараттарды бұзу жұмыстары аяқталып, құрылыстың белсенді кезеңі басталды», – деп атап өтті әкімдікте.

Осылайша, бұрынғы трамвай депосының аумағы қалалық инфрақұрылымды дамытудағы маңызды жобалардың біріне айналып, қала экономикасына ықпалдастырылған әрі тұрғындар үшін ашық заманауи креативті кластерге айналады.

Сонымен қатар әкімдікте қала трамвайдан бас тартпайтынын еске салды. Қазіргі уақытта заманауи трамвай болып саналатын LRT (жеңіл рельсті көлік) жүйесінің алғашқы желісінің құрылысы басталды. Бағыт Абылай хан даңғылы арқылы өтіп, Төле би көшесімен батысқа қарай жалғасады және Бауыржан Момышұлы көшесімен солтүстік бағытқа бұрылады. Ал жаңа трамвай депосы Алатау ауданындағы Индустриялық аймақ аумағында салынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #депо
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);