AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімдігі алданған жүздеген үлескердің қараж...

Алматы әкімдігі алданған жүздеген үлескердің қаражатын қайтаруға көмектесті

Әлеумет 12.10.2026, 11:34 120
Алматы әкімдігі алданған жүздеген үлескердің қаражатын қайтаруға көмектесті
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен құрылған үлестік қатысу мәселесі жөніндегі ведомствоаралық комиссия бірнеше тұрғын үй кешені үлескерлердің мүддесін қорғау бағытында жұмыс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, Esentai City тұрғын үй кешенінің жылжымайтын мүлкіне салынған тыйымды алып тастау және құрылысты жалғастыру мәселесі шешімін тапты. Ал «Достар Делюкс» тұрғын үй кешенінің үлескерлеріне келтірілген залалды өтеу тетігі меншік иелерінің бастамашыл тобына ұсынылды.

Monblanc тұрғын үй кешенінің құрылысын жалғастыруға ниетті инвестор табылды. Ол жер телімін сатып алып, үлескерлердің шығынын өтеуге дайын. Қазір инвестор мен үлескерлер арасында тиісті келісім әзірленіп жатыр.

Заңсыз салынған Pine Hill және Sky Club тұрғын үй кешендерінің құрылыс салушыларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр. Ведомствоаралық комиссия инвестормен келісімге келген. Жер телімдеріне салынған тыйым алынып, жоғалған құжаттар қалпына келтірілгеннен кейін учаскелер инвесторға беріледі. Осыдан соң ол үлескерлер алдындағы берешекті өтеу міндеттемесін мойнына алады.

Қазір комиссия Швейцария, Silver Hills және басқа да проблемалық тұрғын үй кешенінің үлескерлеріне қатысты мәселелерді шешу жолдарын қарастырып жатыр. Бұл нысандар бойынша қылмыстық істерді тергеудің аяқталуы күтіліп отыр.

Қала басшысы бекіткен ведомствоаралық комиссияның құрамына құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік мекемелердің өкілдері енген.

Бұған дейін қалалық мәслихат отырысында Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Олжас Төлебаев проблемалық тұрғын үй кешендеріне қатысты комиссия жұмысының тәртібін түсіндірген болатын.

«Әрбір проблемалық нысан бойынша құрылысты аяқтаудың нақты тетігі бекітіліп, оператор мен іске асыру мерзімі айқындалады. Комиссия шешімі іске тартылған барлық мемлекеттік орган үшін міндетті болады. Бұл ұзаққа созылатын келісу рәсімдерін қысқартып, нақты нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Яғни, құрылысты аяқтау немесе үлескерлерге көмектесудің балама жолдарын ұсыну мәселесі шешіледі», — деді басқарма басшысы.

Бастапқы нарықтан жылжымайтын мүлік сатып алмас бұрын құрылыс салушының барлық қажетті құжаты бар екеніне көз жеткізуді сұраймыз. Сондай-ақ нысанның мәртебесін Қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 нөміріндегі анықтамалық WhatsApp арнасы арқылы тексеруге болады.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үлескерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);