ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы академиясында "Көшбасшы әйел" форумы өтті

Алматы академиясында "Көшбасшы әйел" форумы өтті

Алматы 06.03.2025, 11:11 656
Алматы академиясында "Көшбасшы әйел" форумы өтті
Сурет: Polisia.kz
Алматы академиясында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ішкі істер органдарының қызметкер әйелдерін біріктіретін дәстүрлі "Көшбасшы әйел" форумы өтті.

Алматы академиясында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ішкі істер органдарының қызметкер әйелдерін біріктіретін дәстүрлі "Көшбасшы әйел" форумы өтті.

Форумға қатысушылар – құқық қорғау саласында айтарлықтай жетістікке жеткен, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын білікті мамандар,  деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл форум – кәсіби тәжірибе алмасуға, жаңа білім мен дағдыларды игеруге, іскерлік байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік беретін бірегей алаң. Іс-шара аясында тренингтер, шеберлік сабақтары, пікірталас алаңдары ұйымдастырылып, академия бойынша таныстыру экскурсиялары өткізілді. Дегенмен, ең бастысы – форум аясында ашық сұқбат құру арқылы әйелдердің ішкі істер жүйесіндегі рөліне қатысты өзекті мәселелерді талқылау мүмкіндігі. 

- Қазіргі таңда ішкі істер органдарындағы әйелдер маңызды қызметтерді атқарып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қосып келеді. Олар жедел-іздестіру саласынан бастап, әкімшілік басқару, профилактикалық жұмыстар, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында табысты еңбек етіп жүр. "Көшбасшы әйел" форумы – жай ғана кездесу емес, бұл – кәсіби дамуға, көшбасшылық қабілеттерді шыңдауға және ұжымдық рухты нығайтуға арналған мықты алаң, – деп атап өтті ҚР ІІМ Алматы академиясы бастығының орынбасары Жанат Дильбарханова. 

Погондағы әйелдер мұндай шаралардың қоғамдағы оң өзгерістердің қозғаушы күш екеніне сенімді, сондай-ақ тек кадрлық әлеуетті нығайтуға және кәсіби өсуге жағдай жасауға ғана емес, сонымен қатар әйелдердің әртүрлі салаларда өзін-өзі дамытуына мүмкіндік береді. Бірлесе жұмыс істеу арқылы олар қоғамда әділеттілік пен теңдікті нығайтып, білім мен әлеуметтік қорғалуды арттырып, болашақ ұрпақты басқару, бизнес, ғылым, саясат және қоғамдық қызметке белсенді қатысуға жігерлендіреді. Бірін-бірі қолдап, ынтымақтастықты арттыру арқылы көшбасшы әйелдер тұтас қоғам үшін үйлесімді әрі тұрақты болашақ қалыптастыруға ықпал етеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.