AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы академиясында жазушы Кемел Тоқаевқа арналға...

Алматы академиясында жазушы Кемел Тоқаевқа арналған бұрыш ашылды

Заң мен тəртіп 08.12.2022, 10:45 1,594
Алматы академиясында жазушы Кемел Тоқаевқа арналған бұрыш ашылды
Сурет: Polisia.kz

ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында қазақ детективінің атасы Кемел Тоқаевқа арналған бұрыш ашылды.


65 жылдық тарихы бар Алматы академиясында жазушы Кемел Тоқаевқа арналған бұрыш ашудың да өзіндік себебі мол. Аталған оқу орны құрылған алғашқы жылдардың өзінде-ақ курсанттардың патриоттық тәрбиесі мен рухани дамуына ерекше көңіл бөлінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Бұл орайда курсанттар үшін Кеңес Одағының Батыры Б.Момышұлымен, партизан отрядының командирі Қ. Қайсеновпен, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Бигелдиновпен, С.Луганскиймен және атақты әнші Роза Бағлановамен, жазушы Мұхтар Әуезовпен кездесулердің маңызы ерекше болды. Солардың ішінде Қазақстанда детектив жанрын дамытқан жазушы Кемел Тоқаевтың курсанттармен кездесуі олардың есінде мәңгі сақталатын жиын болған еді. Өйткені жазушының “Жұлдызды жорық”, “Ағын”, “Арнаулы тапсырма”, “Түнде атылған оқ”, “Сарғабанда болған оқиға”, “Таудағы жаңғырық”, “Соңғы соққы”, “Солдат соғысқа кетті”, “Қастаңдық”, “Ұясынан безген құс”, “Көмескі із” кітаптары мен қазақстандық чекистерге арналған “Таңбалы алтын” повесі курсанттардың қолынан түспейтін шығармалар еді.


Милиция мен мемлекеттік қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің өмірінен алынған оқиғалардың желісі қылмыскер қалай жасырынса да, қайда қашса да, әділ жазадан құтылып кете алмайтындығымен құнды болды.



Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов кезінде: – Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының көшбасшысы Кемел Тоқаев қазақ жазушыларының ішіндегі оқырманы ең көп қаламгерлердің бірі болды. Оқырмандарының өтініші бойынша Кемелдің кітаптары үш-төрт реттен қайта басылып отырды, –  деген болатын.


Ал Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Тарази: – Кемел аға Тоқаевпен біз үнсіз табыстық. “Сарғабанда болған оқиға” хикаясын оқыдым. Ұнаттым. Ұнатып қана қойған жоқпын, таңғалдым. Кемел аға киелі қазақ әдебиетінің жаңа арнасын ашты. Шытырман оқиғалы шымыр шығармалар жазды. Кемел ағаның туындылары оқырман жүрегі деп аталатын алтын межеден бір-ақ табылатын. Кітаптары дүкен сөресінде бір күн де жатпайтын, – деген екен.



Алматы академиясында ашылған бұрышқа жазушының аталған оқу орнына келгендегі суреттері мен кітаптары, белгілі тұлғалардың Кемел Тоқаев туралы естеліктері қойылды. К.Тоқаевтың шығармаларын насихаттау мұнымен шектеліп қалмақ емес. Алдағы уақытта Алматы академиясында қазақ детектив жанры атасының шығармашылығын зерттеу мақсатында ғылыми конференция және конкурстар ұйымдастырылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кемел Тоқаев #бұрыш #жазушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);