AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алмасхан Сматлаев: Алматы бір жолғы жұмыстан бас т...

Алмасхан Сматлаев: Алматы бір жолғы жұмыстан бас тартып, кешенді шешімге көшіп жатыр

Барлығы 06.02.2026, 16:18 352 Дина
Алмасхан Сматлаев: Алматы бір жолғы жұмыстан бас тартып, кешенді шешімге көшіп жатыр
сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Біз – Алматы» кешенді абаттандыру бағдарламасының қалай жүзеге асып жатқанын баяндады.  

Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, қалалық ортаны ауқымды абаттандыру — бұл уақытша ғана жамап-жасқап қоя салатын нәрсе емес, көшені, қоғамдық кеңістіктер мен инженерлік инфрақұрылымды қамтитын үлкен шаруа екен.

Қаладағы қандай өзгерісті алсаңыз да, бір қолайсыздықпен қатар жүреді ол. Ұзаққа шыдайтын сапалы жұмыс істеу үшін кейде уақыт керек», - дейді.

«Біз – Алматы» бағдарламасы біртұтас тәсіл қағидатына негізделген. Яғни бір аумақта кеңістіктің функционалдығы, қауіпсіздігі, ыңғайлылығы мен көгалдандыру жағы қатар шешіледі. Мұндай формат пайдасыз шешім шығарып, бір жерді қайта-қайта жөндегеннен аулақ болуға мүмкіндік береді.

Алмасхан Сматлаев қала нүктелік абаттандырудан саналы түрде бас тартып, ұзақ мерзімге есептелген жүйелі шешімдерге көшіп жатқанын атап өтті.

«Біз бытыраңқы жобалардан бас тарттық. Бүгінде қалалық ортаға арналған бірыңғай стандарттарды бірден енгізген қолайлырақ, сонда жан-жақты өзгеріс болып, ол ұзақ уақыт жұмыс істейді», - дейді әкімнің орынбасары.

Ол барлық жобаны жоспарлау барысында көлік ағындары, құрылыс тығыздығы мен іргелес ауданның тұрғындарының мүддесі де ескерілетінін айтты. Жұмысты кезең-кезеңімен жүргізіп, салалық басқармалар мен аудандық әкімдіктеру уақыты мен сапасын қадағалап отырады.

Әкім орынбасары жобаларды жүзеге асырып қана қоймай, оны тұрғындарға түсінікті әрі ыңғайлы етуге барын салып жатқандарын атап өтті.

«Бір реттік нәрседен бас тартып, өмірді шынымен жақсартатын қолайлы қалалық орта қалыптастыруды көздеп отырмыз», - дейді Алмасхан Сматлаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы әкімдігі #абаттандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);