ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы көшелері / Алмалы ауданында скверлерді, көшелерді және тротуа...

Алмалы ауданында скверлерді, көшелерді және тротуарларды абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр

Алматы көшелері 01.07.2025, 12:40 699
Алмалы ауданында скверлерді, көшелерді және тротуарларды абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр
Алматы әкімдігі
Алматы қаласының Алмалы ауданында скверлерді, көшелерді және тротуарларды абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматы қаласының Алмалы ауданында скверлерді, көшелерді және тротуарларды абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Ауданда жайлы қалалық орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Қоғамдық кеңістіктерді жақсартуға, көгалдандыруға, жол жиегін жөндеп, демалыс аймақтарын жаңартуға көп көңіл бөлініп отыр.  Биылғы жылы бірқатар маңызды нысандарда инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстары басталды немесе басталып қалады алда. Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында аудан әкімі Арман Шамшин осылай деді.

Атап айтқанда, А.Иманов атындағы скверде жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында мамыр айынан бастап Қарасай батыр жаяу жүргіншілер көшесінің Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейінгі бөлігінде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар шілде айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Кабанбай батыр көшесінде (Байсейітова көшесінен Абылай хан даңғылына дейін), сондай-ақ Астана алаңында (Панфилов көшесінен Абылай хан даңғылына дейін) тротуар жамылғысы ауыстырылды. Жөндеу жұмыстары нақты қажеттілікке сай, яғни жаяу жүргіншілерге қолайсыздық тудыратын, тозығы жеткен жерлерде ғана жүргізіледі.

Тамыз айында жаңа жобалар іске асады: Кабанбай батыр көшесінің (Абылай хан даңғылынан Сейфуллин даңғылына дейін) және Гоголь көшесінің (Назарбаев даңғылынан Абылай ханға дейін) тротуарлары жаңартылмақ.

Сонымен қатар, Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театры жанындағы сквер мен Жібек Жолы даңғылы бойындағы «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын. Бұл учаскелердегі жөндеу жұмыстары тамыз айында басталады.

«Біздің балансымызда Абай мен Түркебаев көшелерінің қиылысында ескі ғимарат бар. Біз бұл нысанды қалай жаңалау жағын ұзақ уақыт қарастырдық. Қала әкімдігінің келісімімен аталған ғимаратты егде жастағы азаматтарға арнап, солардың демалатын орталығы ретінде пайдалану жобасын жасадық. Мұнда зейнеткерлердің тәжірибесі мен білімі балаларға арналған үйірмелер арқылы да қолданылатын болады», – деді Арман Шамшин.

Алмалы ауданы тұрғындардың шынайы сұраныстарына негізделген   шешімдерді ұсынып, қолайлы орта қалыптастыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.