ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алмалы ауданы 5 айда бюджетке 530 млрд теңге кіріс...

Алмалы ауданы 5 айда бюджетке 530 млрд теңге кіріс әкелді

Алматы 01.07.2025, 12:42 690
Алмалы ауданы 5 айда бюджетке 530 млрд теңге кіріс әкелді
Сурет: Gov.kz
Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен пресс конференцияда Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин 2025 жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындыларын ұсынды.

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен пресс конференцияда Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин 2025 жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындыларын ұсынды.

Оның айтуынша, ауданда кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді, сонымен қатар санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары күшейтілген.

«Осы жылдың 5 айында Алмалы ауданынан мемлекеттік бюджетке 528 млрд теңгеден астам салық түсті. Оның шамамен 350 млрд теңгесі республикалық бюджетке, ал 180 млрд теңгеге жуығы жергілікті бюджетке бағытталды», - деді Арман Шамшин.

Сондай-ақ аудан экономикасына 79,7 млрд теңге инвестиция тартылған, оның 45 млрд теңгесі құрылыс саласына бағытталыпты.

«Жыл басынан бері шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4,9%-ға артты. Қазіргі таңда олардың саны 72 мыңнан асты, оның ішінде 38 мыңнан астамы - жеке кәсіпкерлер», - деп атап өтті аудан әкімі.

Есепті кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 105 млрд теңгені, ішкі сауда көлемі – 1,8 трлн теңгені құрады. Ішкі сауда құрылымында:

  • - бөлшек сауда айналымы – 381 млрд теңге (2024 ж. – 1 034,8 млрд теңге),
  • - көтерме сауда – 1 403 млрд теңге (2024 ж. – 3 181,3 млрд теңге).

Әкім сонымен қатар аулалар, көшелер, саябақтар, скверлер мен қоғамдық кеңістіктерді санитарлық тазалау жұмыстары да көптеп жүргізіліп жатқанын айтты. Ұзындығы 186 шақырым болатын 110 көшені тазалау жұмыстарымен 3 мердігер ұйым айналысады, бұл жұмыстарға 241 жұмысшы және 162 арнаулы техника тартылған. Тұрғындардың шағымдарына жедел әрекет ету үшін 3 жедел топ құрылған.

Аудандағы 425 аула аумағын күтіп-ұстауға 5 мердігер ұйым, 325 жұмысшы және 45 техника жұмылдырылған.

48 жасыл аймақты - саябақтар, скверлер мен бульварларды 113 жұмысшы күтіп ұстап, 25 техника жұмысқа тартылған.

«Аулалар мен көшелерді, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді тазарту - жайлы қалалық ортаны қалыптастырудың маңызды бөлігі. Биыл біз аулаларға арналған 9 бірлік арнайы техниканы сатып алуды жоспарлап отырмыз», - деп түйіндеді сөзін Арман Шамшин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.