конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Алма Аманжолова алматылықтарды Құрылтай депутаттар...

Алма Аманжолова алматылықтарды Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға шақырды

Сайлау 2026 31.07.2026, 17:23 205
Алма Аманжолова алматылықтарды Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға шақырды

Өнер иесі әр адамның таңдауы елдің болашағына әсер ететініне сенімді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Белгілі қазақстандық әнші, актриса, дәстүрлі және эстрадалық әндердің орындаушысы, «Өнер қайраткері» құрметті атағының иегері және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Алма Аманжолова Алматы тұрғындарына үндеу жасап, 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды.

Өнер иесі Instagram парақшасында елдің қоғамдық-саяси дамуында маңызды кезеңнің алдында тұрғанын атап өтті. Оның айтуынша, тамыз айында мемлекеттің одан әрі даму бағытын айқындайтын маңызды шешім қабылданады. Қоғам назарында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған бастамалар, соның ішінде бір палаталы Парламент моделіне көшу және Құрылтай институтын қалыптастыру мәселелері тұр.

Алма Аманжолова осындай жауапты кезеңде әрбір азаматтың қоғамдық белсенділігі мен жеке ұстанымының маңызы арта түсетінін атап өтті. Осыған байланысты ол алматылықтарды 23 тамызда дауыс беруге қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымын білдіруге шақырды.

«Еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағы әрқайсымыздың саналы таңдауымызға байланысты. Бірлігіміз бен ынтымағымыз нығая берсін, ал мемлекетіміздің болашағы берекелі әрі өркенді болсын», — делінген әншінің үндеуінде.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтеді. Тұрғындар алдағы кезеңге елдің жоғары өкілді органының жаңа құрамын айқындайтын дауыс беруге қатысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылтай #сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);