AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлихан Смайылов: Үкіметтің алдында тұрған ең ауыр...

Әлихан Смайылов: Үкіметтің алдында тұрған ең ауыр міндеттің бірі – инфляцияны төмендету

Әлеумет 21.01.2022, 14:31 1,184
Әлихан Смайылов: Үкіметтің алдында тұрған ең ауыр міндеттің бірі – инфляцияны төмендету
inform.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ірі бизнес өкілдерін тауар тасымалының логистикасын қайта қарау туралы айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Ірі кәсіпкерліктің Қазақстан экономикасындағы үлесі – 48%. Сондықтан бұл сегменттің жауапкершілігі де зор. Үкімет бизнестің, оның ішінде ірі бизнестің де дамуына қолайлы жағдай жасау үшін тиісті шараларды қабылдайды.


Жаһанды жайлаған дағдарыстан кейінгі біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселенің бірі – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Үкімет пен Ұлттық Банктің бірлескен саясаты осы мақсатқа бағытталады», - деді ол Президенттің ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде.


Оның айтуына қарағанда, қазір Үкіметтің алдында тұрған ең ауыр міндеттің бірі – инфляция деңгейін төмендету.


«Бірінші кезекте, ауыл-шаруашылық өнімдерін өндіру, ішкі нарықты азық-түлікпен толықтыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолға қойылып жатыр.


Мезгіларалық кезеңде инфляция қысымы мен сыртқы факторлардың әсерін төмендету үшін тиісті логистика жүйесін құру өте маңызды. Ірі кәсіпкерлерді осы жұмысқа қатысуға шақырамыз.


Үкімет ірі бизнес өкілдерімен өзара бірлесіп жұмыс істеуге қашан да дайын екенін айтқым келеді», - деді Премьер-Министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қақастан #үкімет #инфляция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);