ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әлихан Смайылов: Мемлекет өзінің әлеуметтік міндет...

Әлихан Смайылов: Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық және уақытылы орындайды

Әлеумет 05.04.2022, 04:29 985
Әлихан Смайылов: Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық және уақытылы орындайды
Сурет: Primeminister.kz
Экономиканың сапалы және орнықты дамуын қамтамасыз етеді.

Экономиканың сапалы және орнықты дамуын қамтамасыз етеді.


Үкімет отырысында республикалық бюджетті және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті нақтылау туралы заң жобалары мақұлданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бүгін әлемдік саяси-экономикалық жағдайды ескере отырып, осы жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің нақтыланған болжамын қарадық. Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде және уақытылы орындайды. Сондай-ақ қазіргі жағдайда экономиканың сапалы және орнықты дамуын қамтамасыз етеді. Республикалық бюджет жобасы бірінші кезекте осыған бағытталып отыр. Бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан түсетін кепілдендірілген трансферт мөлшеріне түзету енгізілетін болады», - деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов.



Оның атап өтуінше, қосымша шығыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар айындағы, сондай-ақ Үкіметтің кеңейтілген отырысында және Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыруға жұмсалады. Сонымен бірге осыған дейін қабылданған шұғыл міндеттемелерді орындауға бағытталады.



«Қаражатты қаңтар оқиғасынан кейін мемлекеттік мүлік пен қалалардың инфрақұрылымын қалпына келтіруге, қаржы-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және халықты, бизнес пен экономиканың нақты секторын қолдауға жұмсау жоспарлануда», - деді Әлихан Смайылов.



Осыдан кейін Үкімет мүшелері Нақтыланған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен биылғы жылғы республикалық бюджетті нақтылау бойынша тәсілдерді мақұлдады. Биылғы жылғы республикалық бюджетті нақтылау туралы және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті нақтылау туралы заң жобаларына қолдап дауыс берді.



«Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері Премьер-Министр Кеңсесімен бірлесіп, заң жобасы мен Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын Парламентке енгізуді қамтамасыз етсін», - деді Әлихан Смайылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,442 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,334 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.