AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Әлихан Смайылов Азия елдерін Транскаспий халықарал...

Әлихан Смайылов Азия елдерін Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді түрде пайдалануға шақырды

Саясат 21.04.2022, 14:38 1,640
Әлихан Смайылов Азия елдерін Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді түрде пайдалануға шақырды
Сурет: Primeminister.kz

Боао қаласында (ҚХР) Боао Азия форумының пленарлық сессиясының ашылу рәсімі өтті. Биылғы форум «COVID-19 пандемиясы және әлем: халықаралық дамуға бірлесіп ықпал ету және ортақ болашақ құру» тақырыбымен өтіп жатыр.


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов іс-шара қатысушыларына бейнебайланыс арқылы сөз сөйледі. Өз сөзінде ол қазіргі уақытта Үкімет қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру мен сапалы дамуды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар экономикалық реформаны жүзеге асырып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.



«Биыл наурыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа саяси реформалардың ауқымды бағдарламасын ұсынды. Маңызды саяси реформаларды және дағдарысқа қарсы кешенді шараларды іске асыру үшін жалпыұлттық жоспар бекітілді. Бұл шаралар мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін іске асыруға және орнықты дамуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді», — деді Ә. Смайылов.



ҚР Премьер-Министрі форум тақырыбы пандемиядан кейінгі дамуға әлемдік қоғамдастықтың алаңдаушылығын толық көрсететінін атап өтті. Өз кезегінде, Қазақстан пандемиядан туындаған дағдарысты тез арада еңсеруге және тұрақты халықаралық экономикалық байланыстарды қалпына келтіруге мүдделі. Осыған байланысты ҚР Үкіметінің басшысы ДДСҰ-ның COVID-19-ға қарсы жаһандық вакциналауды қамтамасыз ету жөніндегі стратегиясын ұстанып, вакциналар мен емдеу құралдарын әділ бөлу жөніндегі ережелер жинағын әзірлеуді ұсынды. Сонымен қатар Әлихан Смайылов «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында ықпалдастықтың жоғары серпінін қолдаудың маңыздылығын атап өтті.



«Қазақстан “Жібек жолының экономикалық белдеуінің” негізгі буыны ретінде халықаралық транзиттік тасымалдарды үздіксіз қамтамасыз етуді күшейтеді. Осыған байланысты шетелдік әріптестерге тасымалдау қауіпсіздігінің жоғары талаптарына жауап беретін және жүктерді трансконтиненталдық тасымалдауға деген сұранысты толық көлемде қамтамасыз етуге қабілетті Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді түрде пайдалануды ұсынамыз», — деді ҚР Үкіметінің басшысы.



Шараға онлайн-форматта Израиль, Филиппин, Моңғолия, Непал мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ Лаос Премьер-Министрі мен бірқатар халықаралық ұйым басшылары қатысты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум #пленарлық сессия #онлайн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);