AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Алғысым саған, Қазақстан!»

«Алғысым саған, Қазақстан!»

Әлеумет 01.03.2025, 18:25 980 Bakyt
«Алғысым саған, Қазақстан!»
Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Алғысым саған, Қазақстан!» атты концерт өтті. Бұл күні алматылықтар мен қала қонақтары музыка, би және поэзияны тоғыстырған жарқынмерекелік бағдарламаның куәсі болды.

Іс-шара барысында Алматы қаласының әкімі атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері және этномәдени бірлестік басшылары мәдениет, білім саласында, жалпы қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Концерттік бағдарламада танымал артистер мен шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетті. Қазақстан халқының бір шаңырақ астында бірлігін бейнелейтін «Қазақстан – ортақ үйіміз» хореографиялық композициясын ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі орындады. М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының артистері Қалқаман Сариннің шығармасы негізінде «Алғыс» поэтикалық қойылымын ұсынды. Музыкалық бөлімде Роман Ким «Ұлы дала» әнін, «Ұлытау» этно-рок тобы «Япурай-ай» және «Сарыарқа» композицияларын, Олег Татамиров «Благодарю тебя» әнін, «KeшYOU» тобы «Туған жер» және «Ризамын» әндерін, Парвиз Назаров «Дидор» әнін орындады.

Дәрігерлер, мұғалімдер және басқа да кәсіп иелерінің еңбегі Игорь Благодарный, Гаухар Ибрагим және Динара Қырықбаеваның «Разговор двух врачей» және «Ұстазым» композицияларында көрініс тапты. Сондай-ақ, «IL Canto» квартеті «Күшті адамдар» туындысымен, «Дервиши» тобы «Байрам» және «Гүл Алматы» әндерімен көпшілікті тәнті етті.

Концерт Біржан Хасанғалиев, Төлеген Рахымбаев, Ислам Хамзаев, Шахзода Сана, Бекзат Әбитов және Олжас Жұбатқановтың орындауындағы  «Атамекен» әнімен аяқталды.

Бұл іс-шара шынайы ризашылық, үйлесім мен бірліктің мерекесіне айналып, қоғамдағы өзара түсіністік пен құрметтің маңыздылығын еске салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #алғыс #Ассамблеясының 30 жыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);