AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алғашқы Амур жолбарыстары Іле-Балқаш резерватына...

Алғашқы Амур жолбарыстары Іле-Балқаш резерватына жеткізілді

Әлеумет 23.09.2024, 10:43 951 Bakyt
Алғашқы Амур жолбарыстары  Іле-Балқаш резерватына жеткізілді
t.me/orda_kz

Алғашқы Амур жолбарыстары популяцияны қалпына келтіру үшін Іле-Балқаш резерватына жеткізілді

Қыркүйек айында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев алғашқы жолбарыстарды айдың соңына дейін Нидерландтан жеткізілетінін айтқан болатын, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жолбарыстар қазірдің өзінде Қазақстанда. Бүгін Экология министрлігі олардың кадрларымен бөлісті. «Вечерняя Караганда» да алғашқы жолбарыстарды бейнелеген қызықты ролик жариялады. Басылымның хабарлауынша, Іле-Балқаш резерватында еркек пен ұрғашы жолбарыстар жеткізілді.

Қазақстан, Ресей және Швейцарияның бірлескен экспедициясының нәтижесінде Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) жобасы аясында Тұран жолбарысын Орталық Азияда қалпына келтіру үшін ең қолайлы орын ретінде Балқаштың оңтүстік жағалауы (Іле сағасы және оның шығысына қарай аумақ) таңдалды, – деп хабарлады Қазақстанның Экология министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, болашақта Іле-Балқаш резерватына жыртқыштар популяциясын 100-ге дейін арттыру мүмкіндігі бар. Бұл Қазақстанның жолбарысты қалпына келтірудің жаһандық бағдарламасына қосқан үлесі болмақ.

Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, 2025 жылы Ресейден тағы төрт жолбарысты жеткізу жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұран #жолбарыс #Балқаш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);