Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларының қызме...

Әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері алдағы республикалық референдумға қолдау білдірді

Әлеумет Бүгін 20:38 40
Әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері алдағы республикалық референдумға қолдау білдірді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қалада ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығының ұжымымен кездесуі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Кездесуге «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының және AMANAT партиясының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар алдағы республикалық референдумды қолдайтындарын білдіріп, әлеуметтік саясат пен денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелерін талқылады.

Сенатор Сұлтанбек Макежанов өз сөзінде мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік бағыттылығына және саланы қолдау шараларына ерекше тоқталды.

– Бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы мемлекеттік саясаттың сөзсіз басымдығы болып қала береді. Қаражаттың едәуір бөлігі денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салаға бағытталады. Бұл – Конституцияда бекітілген және республикалық әрі өңірлік деңгейде нақты шешімдер арқылы жүзеге асырылып жатқан мемлекеттің қағидатты ұстанымы, – деді Сұлтанбек Макежанов.

Оның айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін екі орталық пен жаңа емхана пайдалануға берілген, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем қызметінің автопаркі толық жаңартылған. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 25%-ға артты.

Сенат депутаты Нурия Ниязова кездесу барысында қоғамдық қатысу институттарының маңызын атап өтіп, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерінің бірі ретінде Халық кеңесінің құрылуына тоқталды.

Кездесу қатысушылары республикалық референдум өткізуді қолдайтындарын білдірді.

Сонымен қатар ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының тобы қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұжымымен кездесті.

Сенат депутаты Сұлтанбек Макежанов референдумға барлық азаматтардың қатысуының маңыздылығын атап өтіп, аудитория назарын Конституция жобасындағы негізгі жаңашылдықтарға, оның ішінде отбасы институтын және білім беру саласын қолдауға аударды.

– Негізгі заң жобасында отбасы институты нақты көрсетілген. Баланы тәрбиелеу отбасынан басталады, сондықтан баланың алғашқы жылдарында қалыптасатын адамгершілік және этикалық қасиеттеріне ата-аналардың жауапкершілігі маңызды, – деді сенатор Нурия Ниязова. Ол сондай-ақ жаңа Конституцияда отбасы қазақстандық қоғамның негізін құрайтын ер мен әйелдің одағы ретінде нақты айқындалғанын атап өтті.

Сенатор Жанна Асанова құжатта азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде білім беру саласына қатысты мәселелер нақты көрініс тапқанын айтты.

Сенат депутаттары кездесуге қатысушылардың жаңа Конституция жобасына енгізілген ережелерге, оның ішінде бір палаталы Парламентке, Халық кеңесі институтына және басқа да мәселелерге қатысты сұрақтарына жауап берді.

Кездесуге қатысушылар республикалық референдум өткізуді қолдайтындарын білдірді.

Белгілі болғандай, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдум 15 наурызға жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақпараттық науқанға еліміздің барлық өңірінің жастары белсенді қатысып жатыр

Бүгін 19:13

Әлеуметтік сала өкілдерінің үні – конституциялық өзгерістерді қолдауға бағытталған

Бүгін 19:04

Түркістан әуежайына 14 млн теңге айыппұл салынды

Бүгін 17:47

1870-тен астам диқан егіс жұмыстарына ерте қаржыландыруға қол жеткізді

Бүгін 17:35

Қазақстандық ғалымдар сейсмикалық қауіпсіздікке арналған отандық технологияны сынақтан өткізіп жатыр

Бүгін 17:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі