ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы шете...

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы шетелде емделуге болады

Әлеумет 22.04.2022, 10:27 1,045
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы шетелде емделуге болады
Сурет: Kapital.kz.
Мамандар шетелге жіберілген науқастың жағдайын жіті бақылауда ұстайды.

Мамандар шетелге жіберілген науқастың жағдайын жіті бақылауда ұстайды.


«Қазақстан халқына» қорының құрылуы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысы мен қаржылық жағдайын жеңілдеткен жоқ. Қордың медициналық көмек сапасын мониторингтеу департаментінің директоры Ләззат Шоманова БАҚ өкілдерінің сауалына осылай жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  



«Қазақстан халқына» қорының құрылуы біздің қаржылық жүктемемізге әсер еткен жоқ. Ол қордың мақсаты басқа. Бізде науқастарға көрсетілетін көмекке жұмсалатын қаржының бәрі жоспарланған. Оның үстіне бізде «Шетелде емдеу шараларын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс органы» дейтін арнайы орган бар. Сол ұйымдастырушы орган арқылы біздің елде көрсетілуі мүмкін емес медициналық көмекті науқастардың шетелде алуына жағдай жасаймыз. Арнайы комиссия бар. Ол комиссияны ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі басқарады. Сол комиссия мақұлдаса, емдеуге жібереміз. Яғни, «Қазақстан халқына» қорына қатысы жоқ осындай көмек түрі бар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде.



Маманның айтуына қарағанда, қордың сарапшылары шетелге жіберілген науқастың жағдайын жіті бақылауда ұстайды.



«Шетелде емделуге жіберген кезде 100 пайыз ақысын аудара салмаймыз. Басында 70 пайызын аударсақ, науқас елге қайтар кезде сарапшылар шетелдік әріптестерінің қорытындысын қарайды. Сол қорытынды бойынша толық ем жүргізілгеніне көз жеткізіп қана шетелдік ұйымға қалған ақшаны аударамыз. Бұл көмекке сырқатын бізде емдеуге келмейтін, жоғары біліктілікті қажет ететін науқастар жіберіледі. Көбінесе тіндер мен ағазалардың донорын қажет ететін науқастар жіберіледі. Өйткені біздің менталитет марқұмдардың ағзасын донорлыққа беруді әлі дұрыс түсіне бермейді. Радиациялық емдеу деген бар. Ол бойынша Беларусь еліне жібереміз, мысалы. Бұл көмек, әсіресе, балаларға бағытталғанын айту керек», - деді Ләззат Шоманова.



Айта кетейік, 13 сәуірдегі мәлімет бойынша, "Қазақстан халқына" қорына 126 млрд теңге түскен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.