AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Білім және ғылым 04.06.2023, 11:41 1,592
Әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады
Сурет: ашық дереккөз


Енді «Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады


Бүгінде қазақстандықтар «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдердің 236 жоғары оқу орнында білім алады. Ал биылдан бастап білім ордаларының қатары кеңейе түспек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығында жазылған.


Құжатта жазылғандай, биыл QS World University Rankings, Times Higher Education World University Rankings сияқты халықаралық академиялық рейтингтер жаңартылды. Осыған баланысты «Болашақ» бағдарламасымен білім алуға болатын шетелдік оқу орындарының қатары кеңейеді, деп жазады Қазақпарат 


Атап айтқанда, қазақстандықтар енді «Болашақпен» мына университеттерге түсе алады:


- Сан-Паулу университеті (Sao Paulo университеті);


- Лувен католиктік университеті (Université Catholique de Louvain);


- Берлиндегі Гумбольдт университеті (Берлин Гумбольдт университеті);


- Помпеу Фабра Университеті (Universidad Pompeu Fabra);


- Падуа университеті (Università di Padova);


- Сычуань университеті (Sichuan University);


- Оңтүстік ғылым және технологиялар университеті (Southern University of Science and Technology);


- Лозанна федералды политехникалық мектебі (Swiss Federal Institute of Technology Lausanne);


- Ухань Университеті (Wuhan University);


- University of California, Santa Cruz.


Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасын техникалық мамандықтарға бағдарлау үшін инженерлік-техникалық бейіндегі кадрларды даярлауға арналған мынадай француз және венгр жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік ұсынылады:


- Жоғары басқару, ақпараттық технологиялар және коммуникация мектебі (IMT);


- Жоғары инженерлік мектеп (ESTP);


- Лионның ұлттық қолданбалы ғылымдар институты (INSA);


- Ұлттық Көпірлер мен жолдар мектебі (ParisTech);


- Гренобль Альпі университеті (Гренобль политехникалық институтын қамтиды);


- Лотарингия Университеті;


- Страсбург Университеті;


- Пуатье Университеті;


- Бордо Университеті;


- Экс-Марсель Университеті;


- Лион Жоғары Инженерлік Мектебі;


- Нант Жоғары Инженерлік Мектебі;


- Бордо саяси зерттеулер институты (Science Po Bordeaux)


- Сегед университеті;


- Дебрецен университеті.


«ЖОО тізімінің қолданыстағы редакциясында 236 ЖОО бар. Осы толықтыруды ескере отырып, олардың саны 28 елден 261 оқу орнына дейін ұлғаяды», - деп түсіндірме берілген бұйрық жобасына.


Құжат 15 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.


Еске сала кетейік, 5 маусымда «Болашақ» стипендиясына өтінім қабылдау басталады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #болашақ #магистр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);