AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Әлем кейінгі 50 жылда алғаш рет ядролық қаруды қол...

Әлем кейінгі 50 жылда алғаш рет ядролық қаруды қолдану тәуекеліне тап келіп отыр - Президент

Саясат 08.06.2023, 06:11 1,361
Әлем кейінгі 50 жылда алғаш рет ядролық қаруды қолдану тәуекеліне тап келіп отыр - Президент
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының жалпы отырысында осындай пікір айтты.


Президент мәдениет пен құндылықтар арнасында артып келе жатқан іркілістер экзистенциалды қатерге айналып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Бұл қатер барған сайын күрделеніп отыр. Өйткені дезинформация кеңінен таралып жатыр және барған сайын ұтқыр әрі қауіпті болып барады. Жасанды зейіннен бастап биотехнологияларға дейінгі жаңа технологияның жаһандық әсері қаттырақ сезіле бастады. Дегенмен оларға бағытталған жұмыс тек тар шеңбердегі ұлттық шекараларда жүріп жатыр. Бұл факторлар жаһандық тәртіпке қысым көрсетіп, айнымалы мәселелерге итермелейді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Мемлекет басшысы әлем елдерінің арасында сенімсіздіктің артқанын айтты.



«Бұл қауіпсіздік режимдері мен ядролық жаппай қырып-жою қаруын таратпау тетіктерінің аясында жұмыс істеп келген халықаралық форумдардың қызметіне кері әсер етеді. Осылайша, біз белгісіздікке, тұрақсыздық пен қақтығыстарға тап келіп жатырмыз. Бұл өз кезегінде қорғаныс шығындарын, сайып келгенде, ештеңеге кепілдік бермейтін ең жаңа қару-жараққа жұмсалатын шығындарды арттыруға итермелейді. Оның дәлелі де бар. Жарты ғасырда алғаш рет ядролық қаруды қолдану тәуекеліне тап келдік», - деді Президент.



Айта кетейік, елордада Астана халықаралық форумы өтіп жатыр.


Сонымен қатар Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева және басқа да спикерлер сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #форум #ядролық қару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);