ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / Алдағы сайлауда мүгедектігі бар жандардың дауыс б...

Алдағы сайлауда мүгедектігі бар жандардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалады

Сайлау-2023 27.01.2023, 07:03 1,109
Алдағы сайлауда мүгедектігі бар жандардың  дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалады
Сурет: Newqazaq.kz
Орталық сайлау комиссиясы алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауында мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған қаулы қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz...

Орталық сайлау комиссиясы алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауында мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған қаулы қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста жәрдемдесуге міндетті. Комиссия мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті іс-шаралар қабылдайды. Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы қаулысымен мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін үй-жайларды жабдықтауға белгілі бір талаптар қарастырылған. ОСК-нің 2018 жылғы қаулысы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге ұсынымдарды бекітті. Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын іске асыру нормалары көзделген. 2017 жылдан бастап ОСК-нің жанында мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы бар. Өткен жылы құрамы кеңейтілді, қосымша өңірлерден мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізілді. Жарияланған сайлау науқанында біз жұмыс тобының белсенді көмегіне сенеміз. Мүгедектігі бар адамдарды хабардар ету тәсілдерін айқындау, қажетті әдістемелік материалдар дайындау кезінде жұмыс тобының сараптамалық қорытындысы біз үшін өте маңызды», - деді қаулы жобасын таныстырған ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова.



Оның атап өтуінше, Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауын сапалы ұйымдастыру мақсатында саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктерге мүгедектігі бар азаматтардың саяси-қоғамдық өмірге қатысуын қамтамасыз ету үшін мынадай іс-шараларды жүзеге асыруы керек.



«Бірінші, мәслихат депутаттығына кандидат ретінде мүгедектігі бар азаматтарды ұсыну мүмкіндігін қарастыруды, екінші, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды ескере отырып, сайлау алдындағы үгіт жүргізу мүмкіндігін көздеу ұсынылады. Жергілікті атқарушы органдарға ең алдымен дауыс беру құқығын іске асыру үшін сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шараларды қабылдасын. Екінші, мүгедектігі бар адам саналатын сайлаушылардың дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста сайлау комиссияларына көмек көрсетсін. Үшінші, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін учаскелердің қолжетімділігіне тексеру жүргізсін. Төртінші, мүгедектігі бар сайлаушылардың дауыс беруге арналған учаскелерде ерекше жағдайларды қамтамасыз етудің қосымша іс-шараларын көздесін», - деді Анастасия Щегорцова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.