AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алаяқтарға алданып қалғанын білген алматылық қария...

Алаяқтарға алданып қалғанын білген алматылық қария жүрегі шыдамай, көз жұмған

Оқиға 28.03.2026, 09:56 274 Дина
Алаяқтарға алданып қалғанын білген алматылық қария жүрегі шыдамай, көз жұмған

Алматыда зейнеткер алаяқтардың арбауына түсіп, оларға қомақты қаржы аударғаннан кейін сол күні кешке көз жұмды. Бұл туралы оның туыстары мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Марқұмның жақындарының айтуынша, ол 21 наурыз күні таңертең базарға барып, сол жерде алаяқтардың ықпалына түсуі мүмкін. Туыстарының болжамынша, белгісіз адамдар оны қала ішінде түрлі банкоматтарға апарып жүрген. Соның салдарынан қария сегіз адамның есепшотына шамамен 4 миллион теңге аударған.

Немересінің айтуынша, атасы біраз уақыт қоңырауларға жауап бермеген. Кейін телефонға бейтаныс ер адам жауап беріп, құрылғыны қарияның өзіне берген. Әңгіме барысында артқы жақтан бөгде дауыстар естілген.

Соңғы сөйлесу кезінде зейнеткер аялдамаға қарай бара жатқанын айтып, алаяқтарға тап болғанын растаған. Сол сәтте оның жағдайы күрт нашарлап, көшеде құлап қалған. Куәгерлер алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырғанымен, ер адам дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта күдіктілердің жеке басын анықтау және оларды ұстау бағытында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Марқұмның немересі атасына көмектесуге тырысқан барлық адамдарға алғыс білдіріп, оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат білетіндерден хабарласуды сұрады.

Бұған дейін Ақмола облысының Қосшы қаласында да зейнеткер алаяқтардың құрбаны болған. Интернеттегі инвестициялық жобаға сенген әйел 10 миллион теңгеден айырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);