ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / «Алатау» дәстүрлі өнер театры көрермендерді несіме...

«Алатау» дәстүрлі өнер театры көрермендерді несімен таңғалдырады?

Мәдениет 14.02.2025, 09:17 1,165
«Алатау» дәстүрлі өнер театры көрермендерді несімен таңғалдырады?
«Алатау» дәстүрлі өнер театры
«Алатау» дәстүрлі өнер театры көрермендерге жаңа қойылымдар дайындауда. Олардың қатарында ұлы ақын, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100...

«Алатау» дәстүрлі өнер театры көрермендерге жаңа қойылымдар дайындауда. Олардың қатарында ұлы ақын, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған спектакльдер бар, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Сондай-ақ, алдағы премьералардың бірі – мәңгілік махаббат туралы аңызға айналған оқиғаны баяндайтын «Естайдың Қорланы» музыкалық драмасы. Бұл қойылымдардың тұсаукесері 2025 жылдың күзіне жоспарланған.

Қазіргі VIII маусымда театр репертуары төрт жаңа қойылыммен толықты: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» саундрамасы, QULAN феериясы, Alatau FM radiosy музыкалық комедиясы және қазақтың әйгілі композиторы, ақыны, айтыс шебері Біржан сал Қожағұлұлының әндеріне негізделген «Теміртас» реквием-спектаклі.

«Театр репертуарынан қызықты саундрамаларды, жарқын феерияларды, музыкалық комедияларды және реквием-спектакльдерді көруге болады. Бұл батыл эксперименттер біздің труппамызға жаңа көкжиектерді ашып, көрермендерге ерекше театрлық әсер сыйлайды, дәстүрлі театрдың шекарасын кеңейтеді. Айта кетерлігі, өткен жылы театр сахнасында 50-ден астам қойылым қойылып, көрермендер көбейіп, мазмұнды мәдени бағдарлама жасалды. Жалпы, 2024 жылы біздің спектакльдерімізді 62 мың адам тамашалады – бұл соңғы үш жылдағы рекордтық көрсеткіш», – деп мәлімдеді театр директоры Мақсат Нұралиев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде. 

«Алатау» театрының қойылымдары 20-дан астам ұлттық аспапта шебер ойнайтын «Алатау» этно-фольклорлық ансамблінің жанды сүйемелдеуімен өтеді. Труппа құрамында «Алатау» би ансамблі, ақындар, дәстүрлі ән орындаушылары мен талантты актерлер бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.