ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алатау ауданында тоғандарды көркейту жобасы әзірле...

Алатау ауданында тоғандарды көркейту жобасы әзірленіп жатыр

Алматы 25.06.2025, 16:16 766
Алатау ауданында тоғандарды көркейту жобасы әзірленіп жатыр
Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Алатау ауданының Томирис шағынауданына барып, Джигитовка өзенінің бойындағы тоғандардың гидротехникалық құрылыстарын қайта жаңғыртуға арналған...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Алатау ауданының Томирис шағынауданына барып, Джигитовка өзенінің бойындағы тоғандардың гидротехникалық құрылыстарын қайта жаңғыртуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) дайындау барысымен танысты. 

Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Мирас Гайсиннің мәлімдеуінше, жоба аясында жұмыс істеп тұрған бес бөгетті қайта жөндеу, бір жаңа бөгетті тұрғызу, тоған түбін тазарту және жағалауды бекіту жоспарланған. Сонымен қатар бейнебақылау, жарықтандыру және автоматтандырылған мониторинг жүйелерін орнату көзделіп отыр. Жобаланған аумақтың жалпы көлемі 122,49 гектар, су айдынының аумағы 38,82 гектар, ал тоғандардағы судың есептік көлемі 821 мың текше метр.

Шаһар басшысы су айдындарын экологиялық тұрғыдан қалпына келтіруге кешенді түрде қарау қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл инженерлік нысандарды қалпына келтіру ғана емес, сонымен бірге тұрғындар үшін экологиялық және тұрмыстық тұрғыдан жайлы, қауіпсіз кеңістік құруды білдіреді. 

Әкімнің айтуынша, мұндай нысандарды қоғамдық демалыс аймақтарына айналдыруға үлкен мүмкіндік бар. «Әр елдің тәжірибесіне қарасақ, сәтті мысалдар көп. Мұндай тоғандарды көркейтіп, халықтың игілігіне жаратуға әбден болады. Бұл Алатау ауданы үшін тағы бір халық баратын орынға айналады», – деді Дархан Сатыбалды.

Сапар қорытындысы бойынша қала әкімі ЖСҚ 2025 жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптамадан өткізе отырып толық аяқтауды тапсырды. Жобаға жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту, жарық және көгалдандырумен жабдықталған іргелес аумақты көріктендіру, тазарту құрылыстарын салу, жағалауды бекіту, тоғандардың санитарлық жағдайын бақылауды күшейту және ластануға жол бермеу шаралары енгізілуге тиіс.

Жобаға Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы тапсырыс берген. ЖСҚ әзірлеумен «Қазгипроводхоз институты» ЖШС айналысады. Құжаттама 2025 жылы желтоқсанда аяқталады деп жоспарланған, ал жобаны іске асыру мерзімі – 2026-2027 жылдар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.