ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Карикатура сөйлесін! / «ALATAÝ AQPARAT» биік шыңдарды бағындырды

«ALATAÝ AQPARAT» биік шыңдарды бағындырды

Карикатура сөйлесін! 29.06.2021, 11:53 4,149
«ALATAÝ AQPARAT» биік шыңдарды бағындырды
Суреттерді түсірген - Самат
«Almaty Aqshamу» және «Вечерний Almaty» газеттерінің журналистері кәсіби мерекесін 4120 метрлік биіктікте атап өтті.

«Almaty Aqshamу» және «Вечерний Almaty» газеттерінің журналистері кәсіби мерекесін 4120 метрлік биіктікте атап өтті.


Күні кеше еліміздегі барша БАҚ өкілдері кәсіби мерекелерін атап өтті. Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде өзіндік орны бөлек, салмақты ұжымдардың бірі – «Alataý Аqparat» ЖШС. Ынтымағы берік, бірлігі жарасқан ұжым кәсіби мерекені Алатаудың ұшар басында, тамаша табиғат аясында атап өтті.


Шымбұлақтың шыңындағы «Тұйық су» демалыс орнында «Alataý Аqparat» ЖШС-не қарасты «Вечерний Almaty», «Almaty аqshamу» газеттерінің қызметкерлері бас қосты. 1938 жылы құрылған «Тұйық су» лагері альпинистер үшін тарихи орын. Мұнда қаза болған альпинистерге арнап құрмет тақталары қойылған.



Жаңалықтың жаршысы, қоғамның қоңырауындай журналистер қауымына осынау кәсіби мерекеде үлкен құрмет көрсетіліп, түрлі марапаттар берілді.


«Alataý Аqparat» медиахолдингінің Бас директоры Төлеміс Күлмұхамедов ұжымның алар асуы әлі алда екенін, талай жеңістер мен жетістіктерге жетуге деген құлшыныстың күшті екенін айтып, барша қызметкерлерге шығармашылық табыс тіледі.



«Alataý Аqparat» медиахолдингінің мерекелік шарасына Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейітқазы Матаев, Қазақстан Республикасы Журналистер академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев арнайы келіп, журналистерге марапаттар мен дипломдарын тапсырды. Осындай кәсіби мереке кезінде уақыттарының тығыздығына қарамастан арнайы келген қонақтарға «Alataý Аqparat» ЖШС-нің Бас директоры Төлеміс Бақтыбайұлы Күлмұхамедов алғысын білдірді.



Қазақстан Республикасы Журналистер академиясының дипломын «Вечерний Almaty» газетінің Бас редакторы Евгений Грюнберг, «Almaty аqshamу» газетінің жауапты хатшысы Роза Қараева, «Вечерний Almaty» газетінің жауапты хатшысы Әбдіжамал Сапарқұлов және сайт тілшісі Нэля Сулейменова, фототілші Қайрат Қонысбаев, беттеушілер Ербол Қожабаев пен Айша Абуова иеленді.



Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасы «Almaty аqshamу» газетінің Бас редакторы Төрехан Даниярға, редакциялар жетекшісі Абдухалил Джалиловқа және қос газеттің тілшілері мен қызметкерлері Рая Ескендірге, Құралай Жұмаділге, Серік Жұмабаевқа, Василий Шупейкинге, Ақерке Мырзағалиға, Елена Соколоваға бұйырды. Редакцияның барлық тілшілерін «Alataý Аqparat» медиахолдингі арнайы грамоталармен марапаттады.



«Alataý Аqparat» газетінің Бас редакторы Төрехан Данияр, «Вечерний Almaty» газетінің Бас редакторы Евгений Грюнберг те тілшілерді, жалпы редакция қызметкерлерін мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.



«Ашық аспан астындағы, табиғат аясындағы, таудың баурайындағы әдемі демалыс шығармашылық жандардың шабытын шыңдап, ұжымды бір-біріне жақындастырып, ынтымағымызды арттыра түседі», – дейді бас редакторлар.




«Almaty аqshamу» газетінің ұжымы еліміздегі барша БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды. Қаламын қару еткен әріптестеріміздің шабыты толқындай тасып, еңбектері еленіп, табыстарға жете беруіне тілектеспіз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.