AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алашшыл азамат Ахмет үйіне сәлем бере келді

Алашшыл азамат Ахмет үйіне сәлем бере келді

Мәдениет 23.11.2023, 06:03 1,801
Алашшыл азамат Ахмет үйіне сәлем бере келді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі Алаштың қара шаңырақтарының бірі.


Былтыр Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына тарту ретінде Ұлт ұстазының туған өлкесінен Анадолы жұртына дейін 5555 шақырымдық велошеруді 55 күнде жалғыз жүгіріп өткен велосаяхатшы, журналист, рекордсмен Ернат Мелсұлы Алматыдағы «Ахмет үйіне» сәлем бере келді, деп хабарлайды Almaty-aqshamy.kz



Ол өзінің жанкүйерлерімен жүздесіп, велошерудің барысын баяндап берді.


Алаш арыстарының рухын ту еткен патриот азаматпен кездесуге бірқатар зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, дәстүрлі өнерді насихаттаушы өнерпаздар қатысты.


Ернат Мелсұлы былтырғы велошеруін 5 қыркүйек күні, яғни Ұлт ұстазының туған күнінде Торғай жеріндегі Ақкөл, Сартүбектен бастаған. Каспий мен Қара теңізді жағалап, Қап тауларын сағалап, Анадолы түбегін аралап,  55 күнде 5555 шақырым жолды басып, сапарын Стамбулда тамамдаған.



Ернат Мелсұлы 2018 жылдан бері түрлі велошерулер жасап, Қазақстанда екі мәрте рекорд жасаған. Соның бірінде, былтыр ақпан айында Ұлт ұстазының мерейтойына орай өзі ұйымдастырған қысқы велошеруде Ернаттың есімі “КинЭС” рекордтар кітабына енген болатын. Ол жанкешті жиһангез ғана емес, журналист, әрі оқытушы, аудармашы. «Ағылшынша тіл сындыру» кітабының, Qazaq English,  «Ағылшын – ауыл үшін», «Абай арқылы ағылшынша үйрен», «Ғылым тап - Find Science», «Толық адам және 4 даму» жобаларының авторы.




Арнайы «Ахмет үйіне» сәлем бере келген Е.Мелсұлы бір жасқа толған қызының туған күнін де киелі ордада қарсы алуды көздегенін айтты. Былтыр А.Байтұрсынұлының мерейтойы қарсаңында туған, әрі мерейтойға арнаған велошеруінің жеңісіне тәңірінің сыйлығы сынды  дүниеге келген қызына Ұлт ұстазының аяулы жары Бадрисафа Мұхамедсадыққызының есімін берген екен. «Ахмет үйіндегі» жылы жүздесуден кейін кішкентай Бадрисафаның тұсаукесері Ұлт ұстазы өмірінің соңында тұрған киелі орданың үлкен залында өтті.


Кездесу барысында Е.Мелсұлы Ахмет Байтұрсынұлы ғана емес, өзге де Алаш арыстарын насихаттауға бағытталған жобаларымен де таныстырды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ахмет #байтұрсынұлы #Алаш #велошеру #музей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);