AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алакөлде жоғалған телефон мен қолсөмке ЖИ камерала...

Алакөлде жоғалған телефон мен қолсөмке ЖИ камералары арқылы табылды

Заң мен тəртіп 12.08.2026, 16:32 278
Алакөлде жоғалған телефон мен қолсөмке ЖИ камералары арқылы табылды
Gov.kz

Оқиға полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті мен бейнебақылау жүйесінің тиімділігін көрсетті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Абай облысында жоғалған телефон мен қолсөмке ЖИ камераларының көмегімен 1 сағатта табылды. Өскемен тұрғыны Алакөл жағалауында демалып жүріп, телефоны мен қолсөмкесін жағалауда қалдырып кеткен. Заттарын өздігінен іздегенімен, таба алмаған соң, полицияның модульдік пунктіне жүгінген.

Полиция қызметкерлері бірден іске кірісіп, жағалаудағы ЖИ камераларының жазбаларын қарай бастады. Кадрларды мұқият тексеру барысында жоғалған заттарды жағалаудан өтіп бара жатқан азаматтың тауып алғаны және полицияға табыстамақ болғаны анықталды. Камера жазбалары мен дрон көмегі арқылы оның жүрген бағыты анықталып, іздеу жұмыстары нақты бағытқа көшті.

Нәтижесінде демалушының телефоны мен барсеткасындағы барлық заты шамамен бір сағат ішінде табылып, иесіне қайтарылды.

– Заттарымды өзім таба алмай, қатты уайымдадым. Полиция қызметкерлері бірден көмек көрсетіп, бейнебақылау камералары арқылы заттарымды тауып бергеніне қуандым. Жедел әрекеттері үшін алғыс айтамын, – деді Өскемен қаласының тұрғыны.

Жоғалған заттарды табуға полиция қызметкерлері Дастан Бейсканов пен Ұлан Шора, сондай-ақ Ерлан Калиев көмектесті.

Оқиға полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті мен бейнебақылау жүйесінің тиімділігін көрсетті.

Алакөлде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, демалушыларға жоғалған заттарын табуға да көмектесуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алакөл #полиция #Жасанды интеллект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);