ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Алаяқтар неге көбіне зейнеткерлерді алдайды?

Алаяқтар неге көбіне зейнеткерлерді алдайды?

Мұны білген жөн 03.07.2025, 13:33 741
Алаяқтар неге көбіне зейнеткерлерді алдайды?
Жасанды интеллект
Неге қарт адамдар алаяқтардың құрбанына айналады? Бұған олардың жасы немесе есте сақтау қабілеті емес, жинақ қоры әсер етеді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Неге қарт адамдар алаяқтардың құрбанына айналады? Бұған олардың жасы немесе есте сақтау қабілеті емес, жинақ қоры әсер етеді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Киберқылмыс мамандарының айтуынша, әдетте зейнеткерлерде сақтап қойған артық ақша болады. 

АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросының интернет қылмыстары туралы кейінгі есебіне сәйкес, былтыр қариялар алаяқтардың әрекеттерінен шамамен 5 миллиард доллардан (2 триллион 598 миллиард 191 миллион теңге - еск.) айырылған.

Алаяқтар - керемет әртістер, олар кез келген адамды алдай алады. Бірақ көбіне олардың таңдауы зейнеткерлерге түседі, өйткені алаяқтар егде жастағылардың ақшасы барына сенімді. Олардың арнайы сценариі бар, егер сіз де сол бойынша жауап берсеңіз, онда алаяқтық іске асады. 

Алаяқтықтың 5 негізгі белгісі:

  1. Үрейге берілсеңіз
    Мәселен, сіз - зейнеткерсіз. Егер сізге бейтаныс қоңырау шалып, немереңіз түрмеде екенін, оған тезірек ақша керегі айтылса, демек бұл - алаяқтар. Олар сізді шұғыл шешім қабылдауға итермелейді. Тіпті бір сәт кідіріп, ойлануға мүмкіндік бермейді. 

  2. Шұғыл шешім қабылдау керек болса 
    Үрей тудырмайтын, қысым көрсетілмейтін, керісінше тиімді ұсынысты жіберіп алмау мүмкіндігі айтылып, жылдам әрекет етуге итермеленсе, демек сізге алаяқтар қоңырау шалып тұр. Бұл – интернетте жиі кездесетін жалған дүкендер мен инвестициялық алаяқтық.

  3. Бейтаныс бірден жақыныңызға айналса
    Егер біреу өміріңізде аяқасты пайда болып, сеніміңізге кіріп, банк есепшотыңыздан ақша шешіп алуға итермелесе, бұл - қауіптің белгісі.

  4. Сөйлесіп тұрған адам өзін беделі бар тұлға ретінде таныстырса
    Бейтаныс өзін "полиция қызметкері", "заңгер" деп таныстырса да, егер сіз бұл адамды бұрын көрмесеңіз, оның сөзіне сене салуға болмайды.

  5. Төлемді күмәнді тәсілмен сұраса
    Егер сізден ақшаны күмәнді біреулердің картасына аудару, криптовалютамен төлеу сұралса, демек бұл - алаяқтар. 

Маманның кеңесі:
Ақша аударып жатқанда, "қазір аудармасам не болады?" деген сұрақтың орнына, "аударсам не болуы мүмкін?" деп ойланыңыз. Бұл ойыңызды жинақтап алуға көмектеседі. 

Мысалы, Астанада 66 жастағы зейнеткер әйел өзін полиция мен Ұлттық банктің қызметкерлері деп таныстырған алаяқтарға сеніп, 16 миллион теңгесінен айырылған. Алаяқтар оған үйін сатқызып, ақшаны "қауіпсіз шотқа" аударуға мәжбүрлеген.

Сондықтан кез келген нәрсеге сене бермей, өзіңізді, шотыңызды және жеке мәліметтеріңізді қорғауға тырысыңыз. Күмән тудыратын жағдайлар болса, жақындарыңызбен кеңесіп, асығыс шешім қабылдамаңыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.