Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әл-Фараби даңғылындағы жиектастарды жөндеу аяқталд...

Әл-Фараби даңғылындағы жиектастарды жөндеу аяқталды: ауыстырылғандардың үлесі 3%

Әлеумет 23.08.2023, 10:39 1,016
Әл-Фараби даңғылындағы жиектастарды жөндеу аяқталды: ауыстырылғандардың үлесі 3%
Сурет: ашық дереккөз

Биыл шілдеде басталған Достық даңғылынан Асқаров көшесіне дейінгі әл-Фараби даңғылын орташа жөндеу барысында сынған немесе ақауы бар гранитті жиектастар тегістелді


Барлығы осы аумақта ұзындығы 9,3 км 25,3 мың метр борттық тастар орнатылды. Орташа жөндеу барысында оның ішінде 16, 4 мың метр жиектастарды тегістеу үшін бөлшектелді, ал ақауына байланысты қайта пайдалануға жатпайтын 780 метр жиектастар ғана ауыстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Осылайша, осы даңғылдағы жаңадан ауыстырылған жиектастардың үлесі шамамен 3% (бұл қала бойынша жаңасына ауыстырудың орташа көрсеткіші).



Жиектер көлік апатына байланысты зақымдалуы немесе жылжуы мүмкін. Жол жабыны мен жиектас арасындағы саңылауларға байланысты жолдарда жарықтар пайда болады. Сондықтан жол сапалы болуы үшін асфальтбетон төсемес бұрын жиектастарды тегістеп қою керек.


Тегістеу – бұл жылжып кеткен гранитті жиектастарды алып тастап, жол жиегіне орнату. Бұл жол төсемінің пайдалану сапасын арттыру үшін жүзеге асырылады.


Бұған дейін Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматы жолдарында жиектастардың тек екі түрі бар екенін атап өткен.



«Цементті-құмды бұл жиектастар сығымдалып, содан кейін орнатылады. Қыста жолдарды химиялық заттармен өңдейтінімізді, арнайы техникамен тазалауды, қағып кетуді ескерсек, оларды 5 жылға дейін пайдалануға болады. Жиектастардың екінші түрі – 10 жылдан 15 жылға дейін пайдалануға болатын гранитті түрі. Әл-Фараби даңғылында жиектастардың 20-25%-ын ауыстырамыз деп ойладық, бірақ тек 3%-ын ауыстырдық», - деді ол.




Естеріңізге сала кетейік, әл-Фараби даңғылында орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен 2 апта бұрын – 16 тамызда аяқталды. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жұмыс түнде жүргізілді. Бригадалар күшейтілген режимде жұмыс істеді. Тротуарларды жөндеу де 31 тамызға дейін бітеді. Биылғы жол жөндеу кезінде алғаш рет полимерлер қосылған асфальтбетон қоспасы қолданылды. Оның артықшылығы жол жабынының пайдалану мерзімін ұзарту, жолдың сапасы мен аязға төзімділігін қамтамасыз етеді.


Соңғы рет әл-Фараби даңғылында жөндеу жұмыстары 2010 жылы ғана жүргізілді. Нормативтік жөндеуаралық мерзімнің өтуіне байланысты тексеру жүргізілді, оның барысында асфальтбетон төсемінде шұңқыр, ойық, жарық сынды ақаулар анықталып, жолдың қазіргі жағдайына техникалық қорытынды жасалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көше #жиектас #ауыстыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.