AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әл-ауқаты төмен 99 мыңнан астам алматылық МӘМС жүй...

Әл-ауқаты төмен 99 мыңнан астам алматылық МӘМС жүйесіне қосылды

Әлеумет Бүгін 09:12 50 yakiya
Әл-ауқаты төмен 99 мыңнан астам алматылық МӘМС жүйесіне қосылды

2026 жылдың басынан Алматыда бұрын сақтандырылмаған 99 мыңнан астам тұрғын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Заңға енгізілген өзгерістеплің арқасында олар жүйеде автоматты түрде сақтандырылған.

Медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық филиалының директоры Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, биылдан бастап МӘМС туралы Заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Бұл түзетулер әлеуметтік әл-ауқаты төмен санаттағы азаматтарды қамтуға бағытталған. Енді олар үшін МӘМС жарнасын жергілікті әкімдіктер төлейді.

«Бұған дейін жергілікті атқару органдары азаматтардың әлеуметтік портретін анықтау бойынша ауқымды жұмыс жүргізген болатын. Олардың арасында қиын жағдайға тап болған, табысы төмен тұлғалар анықталды. Олардың медициналық көмекке толыққанды жүгінуге мүмкіндігі болмаған. Бүгінгі таңда осындай қиын жағдайға тап болған 99 мың алматылық автоматты түрде сақтандырылды», — деді филиал басшысы.

Енді аталған санаттағы азаматтар қажет болған жағдайда МӘМС пакетіндегі медициналық көмекті пайдалану үшін емханаға жүгіне алады. Олар емханаға қаралған сәттен бастап әкімдік Медициналық сақтандыру қорына ай сайын әр адам үшін 9 189 теңге көлемінде жарна аудара бастайды.

МӘМС жүйесінде статусты төмендегі сервистер арқылы тексеруге болады:

• Қордың ресми сайты: msqory.kz

• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

• Damumed қосымшасы

• Екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) мобильді қосымшалары

• @Saqtandyrubot телеграмм-боты

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізге биыл 3 миллион турист келген

Бүгін 09:30

Қазақстан құрамасы Қытайдың Сюйчжоу қаласында өтіп жатқан триатлоннан Азия чемпионатында үшінші медалін жеңіп алды

Бүгін 09:24

Қазақстандық боксшылар Әлем кубогын жеңіспен бастады

Бүгін 09:18

Қазақ суретшісі Италияның арт-фестивалінде топ жарды

Бүгін 09:10

Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік

Бүгін 08:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);