AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Әкемтеатрдың қойылымдары Алматы, Талғар, Есік қала...

Әкемтеатрдың қойылымдары Алматы, Талғар, Есік қалаларында өтетін болады

Мәдени Алматы 20.08.2024, 14:55 2,008 Bakyt
Әкемтеатрдың қойылымдары Алматы, Талғар, Есік қалаларында өтетін болады
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ғимаратында жөндеу-жаңғырту жұмыстары жүргізілетініне қарамастан, театр өзінің 99-шы маусымын 16 қыркүйекте бастайды, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.

Театрдың көрермендері өнерпаздардың қойылымдарын өзге театр ғимараттарында тамашалай алады. Мысалы, 16 қыркүйекте алғашқы қойылым – "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" – Almaty Theatre театрында өтеді.

Еске сала кетейік, 2026 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Осыған байланысты, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев театр ғимараты толықтай қайта жаңғыртылатынын мәлімдеген болатын.

"Бұл жұмыс театрдың 100 жылдық мерейтойына орай 2026 жылы аяқталады. Алайда, театр ұжымы биік көркем өнер мен жаңа тұрпатты мәдениет жасаудағы, отансүйгіштік, ізгілік, адамгершілік пен сұлулықты дәріптеу жолындағы жұмысын тоқтатпайды," – делінген театрдың хабарламасында.

Қыркүйек айында Мұхтар Әуезов атындағы театр көрермендерге 7 қойылым ұсынбақ. Бұл қойылымдар Алматы театрында, Алматы облысының Талғар қаласының мәдениет үйінде және Есік қаласының мәдениет үйінде өтеді

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұхтар Әуезов #театр #Көрермен
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);