ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Академик Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың туғанына 100...

Академик Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтой 

Алматы 29.11.2025, 17:05 333
Академик Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтой 
Алматы әкімдігі
Шора Сарыбаев

Алматыда 2025 жылғы 28 қарашада Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және "Алатау" дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерекелік концерт өтті.

Мерекелік шараға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, профессор Жамал Айтқалиқызы Манкеева, филология ғылымдарының кандидаты, ғалымның қызы Майра Шорақызы, "Мінбер" сайты халықаралық "Адам" институтының президенті, саясаттанушы Жанұзақ Әкім, сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, тележүргізуші Қарагөз Сүлейменова қатысты.

Шара барысында академиктің ғылыми мұрасы, ұлттық ғылым мен мәдениеттегі рөлі, қазақ музыка мәдениетіне қосқан үлесі және шығармашылық топтарды қолдаудағы еңбегі атап өтілді. Сондай-ақ, профессор Жамал Манкеева академиктің түркология мен қазақ диалектологиясын дамытудағы тарихи рөліне тоқталып:
"Шора Шамғалиұлы қазақ диалектологиясының ғылыми мектебін қалыптастырған аса ірі ғалым. Ол ұмытылған көне сөздер мен аймақтық тіл ерекшеліктерін жүйелеп, бұл саланы дербес ғылыми бағыт ретінде дамытты", – деді.

Айта кетейік, 1964 жылы "Қайрат" командасы құрылып, атын қоюда Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың рөлі ерекше болды. Ғалым шығармашылық топтың дамуына, ұлттық өнердің ілгерілеуіне қосқан үлесімен тарихта қалды.

Мерейтой аясында академиктің өмірі мен еңбегін көрсететін фотосуреттер, портреттер, архив материалдары қойылған көрме ұйымдастырылды. Кеш соңында академиктің ағартушылық рухына арналған концерт өтті. Концертке еліміздің танымал өнер шеберлері және "Алатау" дәстүрлі өнер театрының ансамблі қатысты, қазақтың дәстүрлі ән-күйлері мен ұлттық орындаушылық өнердің көріністері көрермен назарына ұсынылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.