ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Айнабұлақтан басталған арман: Әлем чемпионы Назым...

Айнабұлақтан басталған арман: Әлем чемпионы Назым Қызайбаймен өткен кездесу

Әлеумет 18.12.2025, 11:08 380
Айнабұлақтан басталған арман: Әлем чемпионы Назым Қызайбаймен өткен кездесу
Сурет: автор
Назым Қызайбайдың спорттағы жетістіктері – қазіргі заманғы спорт пен қоғам үшін маңызды көрініс. Оның жастарға үлгі болып, қажырлы еңбек, темірдей тәртіптің арқасында мақсатқа жетуге болатынын...

Назым Қызайбайдың спорттағы жетістіктері – қазіргі заманғы спорт пен қоғам үшін маңызды көрініс. Оның жастарға үлгі болып, қажырлы еңбек, темірдей тәртіптің арқасында мақсатқа жетуге болатынын дәлелдейді. Назымның жеңістерінің артында күнделікті жаттығу мен үлкен жігер жатыр. Бұл қасиеттер кез келген жас спортшы үшін үлгі болып табылады.

Бүгін №110 мектеп-гимназиясында ел спортының абыройын асқақтатып жүрген, қазақ боксының мақтанышы, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Назым Қызайбаймен жүздесу өтті. Чемпионның келуі білім ордамыз үшін мәртебе, оқушылар үшін нағыз рухани серпіліс болды. Залға жиналған жас жеткіншектердің көзіндегі жалын мен қызығушылық – чемпионмен кездесудің құндылығын айқын көрсетті.

Кездесу барысында Назым Қызайбайдың спорт әлеміндегі жолын баяндайтын таныстыру видеосы көрсетілді. Белді спортшының рингтегі ерлігі, әлемдік додалардағы жеңісі оқушыларға ерекше әсер қалдырды. Шараның ашылу салтанатын  «Кәусар» домбырашылар ансамблі керемет күймен бастады. Домбыраның киесін сездірген бұл әсерлі сәт рухты күйімен залда отырғандарды бірден баурап алды. Шараны одан әрі көркемдеген – мектебіміздің мың бұралған «Самал би»  тобы шараның сәнін келтіріп, өз өнерлерін тарту етті.

Кездесу сұхбат алаңына ұласып, оқушылар өз сауалдарын жолдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, чемпионның балалық шағы, спортқа келуі, алғашқы жеңістері туралы тың мәліметтер алды. Спортшы әр сұраққа шынайы жауап беріп, табысының сыры еңбекте, төзімде, мақсаттан таймауда екенін айтты. 

Кездесу соңында чемпион өзінің балалық шағы Айнабұлақ  шағын ауданында өткенін, осы өңірдің жүрегіне жақын екенін тебірене айтты.

"Өскен жерім – мен үшін ерекше сезім. Бұл жерде армандар басталып, мақсаттар қалыптасты. Бүгінгі жүздесуден өзім де қуат алдым», – деген сөздері залды жылы сезімге бөледі. Әрбір жауаптың өзегі – еңбек, табандылық және Отанға деген сүйіспеншілік. Назым Қызайбай жас спортшыларды намысқой, қайсар, арманшыл болуға шақырды. Бұл кездесу жас буынға тек ақпарат емес – жігер, сенім, биікке ұмтылу рухын сыйлап, болашақ чемпиондардың жүрегінде от тұтатып, жас буынға үлгі болып үлкен арманға жетелеріне сеніміміз мол."

Әлемді мойындатқан үш дүркін чемпион Назым Қызайбайдың Айнабұлақтай шағын ауданда балалық шағы өтіп, тұрғындардың ыстық ықыласынан қуат алған спортшы бүгінгі жеңістерін өз еліне, туған жеріне арнайтынын әр сөзінде айтып тоқталды. Айнабұлақ – оның алғашқы қадамы, алғашқы арманымен ұштасқан қасиетті мекені. Сондықтан Назым Қызайбайдың әлемдік деңгейге дейін жету жолы – осы топырақтан түлеп ұшқан әрбір жасқа жігер беретін жарқын үлгі. Қорыта келгенде, бір ғана спортшының өмір жолы – тұтас бір буынға үлгі, ұлт рухын көтеретін құндылық екені тағы да дәлелденді.

Өр рухты Назым Қызайбай сынды тұлғалардың өмір жолы – ұрпаққа өнеге, елге мақтаныш.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.