ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Аймағамбетов «Ұстазыңды құттықта» акциясы іске қос...

Аймағамбетов «Ұстазыңды құттықта» акциясы іске қосты

Білім және ғылым 02.10.2021, 13:15 1,599
Аймағамбетов «Ұстазыңды құттықта» акциясы іске қосты
Cурет: www.gov.kz
Қазақстанда қазан айының алғашқы жексенбісінде ұстаздардың кәсіби мерекесі аталып өтеді.

Қазақстанда қазан айының алғашқы жексенбісінде ұстаздардың кәсіби мерекесі аталып өтеді.


Білім және ғылым министрлігі Ұстаздар күн қарсаңында «Ұстазыңды құттықта» (Ұстазыңдықұттықта #Поздравьсвоегоучителя), акциясын іске қосты, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz.


Бұл акцияның бастамашысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram-дағы өз парақшасында ұстаздарды құттықтауға, олардың маңызды да елеулі жұмыстарына назар аударуға шақырып пост арнады.



«Әр адамның өмірінде оның алғашқы ұстазы ерекше орын алады. Алғашқы ұстаздың бала өміріндегі рөлі, әсіресе, бүлдіршіндер бастауыш сыныптан 5-сыныпқа ауысқан кезде байқалады. Менің алғашқы ұстазым Любовь Валентиновна Гомзелева болды. Ол адамның әдемі жазуы мен әсем күлкісі әлі күнге дейін есімде. Бастауыш сыныптарда оқып жүргенімізде өзімізді ерекше сезіндік, мұғалімнің оқушыларға деген қамқорлығы мен сүйіспеншілігін көріп өстік. Сыныптағы әр оқушы мұғалімнің қолдауы мен махаббатын сезіп, өзін ерекшемін деп ойлауы — бұл педагог бойындағы ерекше бір қасиет болар», - деді Аймағамбетов.



Сонымен қатар министр тарих пәнінің мұғалімдері Марат Исабекұлы мен Тыныштық Нұрбекқызының сабақтары кезіндегі қызықты сәттерін еске алды.



«Тарих пәнінің мұғалімдері Марат Исабекұлы мен Тыныштық Нұрбекқызының сабақтары өте қызықты өтетін. Шетел тілі мұғалімі Алла Васильевнаның есімі жадымда сақталып қалды. Сондай-ақ орыс тілі пәнінің мұғалімі Любовь Ивановна да есімде. Ерекше қатал және талапшыл мұғалім еді. Мұғаліміміздің «қанатты сөздері» бүгін біздің де сөздік қорымыздан табылып жатады. Жоғары оқу орнында оқып жүрген кездегі оқытушыларым да керемет жандар болды. Олар студенттердің жеке тұлға болып қалыптасуларына айтарлықтай әсер етті. Қазан айының бірінші жексенбісінде елімізде Мұғалімдер күні атап өтіледі. Кәсіби мерекеге орай Білім және ғылым министрлігі #Ұстазыңдықұттықта акциясын бастады. Баршаңызды ұстаздарыңызды құттықтап, жылы лебіздеріңізді білдіруге шақырамын», - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.