Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әйелдердің зейнет жасын ұзарту 5 жылға тоқтатылады

Әйелдердің зейнет жасын ұзарту 5 жылға тоқтатылады

Әлеумет 26.12.2022, 04:40 1,139
Әйелдердің зейнет жасын ұзарту 5 жылға тоқтатылады
Сурет: Liter.kz

Бұл заңға сәйкес, халықты бірнеше жақсы өзгеріс күтіп тұр.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Біріншісі – қазақстандық әйелдер 2028 жылға дейін 61 жаста зейнетке шығады.


Бұдан бөлек, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегі 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 еселенген АЕК-ке дейін ұлғайтылады.


Тағы бір өзгеріс – 35 жасқа дейінгі адамдар «жастар» санатына кіреді. Депутаттар бұл жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, оптимизмін, ертеңгі күнге деген сенімділік сезімін нығайтуға мүмкіндік береді және халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді деп санайды.


Сондай-ақ әкімдіктерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің даму басымдықтарын ескеріп, жастарға жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үй беру жөнінде бағдарлама әзірлеу және іске асыру бойынша жаңа құзырет беріледі.


Заңда бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау кезеңінің ұзақтығын 1,5 жасқа дейін ұлғайту нормасы да қарастырылған. Яғни, келесі жылдан бастап жәрдемақы сәби 1,5 жасқа толғанға дейін төленеді.


Бұған қоса, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері орташа айлық табыстың 45%-на дейін арттырылады.


Ал мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға ұсынылатын кепілдендірілген әлеуметтік пакет монетизацияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң #Зейнет #Жас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28

Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.