ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Аида Балаева Жазушылар одағының төрағасымен бірлес...

Аида Балаева Жазушылар одағының төрағасымен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады

Мәдени Алматы 10.08.2024, 16:06 1,314
Аида Балаева Жазушылар одағының төрағасымен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады
Сурет: Gov.kz
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Төрағасы Мереке Құлкеновпен кездесті.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Төрағасы Мереке Құлкеновпен кездесті.

Аида Балаева қаламгерлердің ел бірлігін нығайтудағы, Ұлттық құрылтайда атап өтілген қоғамдық құндылықтарды дәріптеудегі рөлін ерекше атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Сондай-ақ министр Жазушылар одағымен бірлескен мәдени-шығармашылық іс-шаралар өткізу арқылы қаламгерлерге ұдайы қолдау көрсетіп, ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін айтты.

Атап айтқанда, биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі Жазушылар Одағымен стратегиялық әріптестік аясында «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі», «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» және «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» жобаларын бірлесе жүзеге асырмақ.

Кездесуде Жазушылар одағының мерейлі 90 жылдығына және Бердібек Соқпақбаев, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Оспанхан Әубәкіров, Ілияс Жансүгіров, Герольд Бельгер, Әбдіжәміл Нұрпейісов секілді көрнекті қаламгерлердің мерейтойына арналған бірлескен іс-шаралар жоспары жан-жақты талқыланды.

Сондай-ақ Жазушылар одағының 90 жылдығына орай Абай, Түркістан, Атырау облыстарында және Астана, Алматы қалаларында түрлі тақырыптарда арнайы пленум ұйымдастырылады, ал қараша айында мерейтойлық салтанатты жиын өтеді.

Мереке Құлкенов Жазушылар одағының жаңа шығармашылық жобалары мен әдебиеттегі қазіргі өзекті мәселелерді ортаға салып, мемлекет тарапынан қаламгерлер қауымына көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылығын білдірді.

Айта кетсек, биыл Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына – 90 жыл. Бүгінде қоғамдық ұйым 1000-нан аса авторды біріктіреді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.