ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Әдебиет пен мәдениет қайраткерлері ТЮРКСОЙ-дың алт...

Әдебиет пен мәдениет қайраткерлері ТЮРКСОЙ-дың алтын медалімен марапатталды

Мәдениет 11.06.2023, 12:00 1,325
Әдебиет пен мәдениет қайраткерлері ТЮРКСОЙ-дың алтын медалімен марапатталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz
ТЮРКСОЙ ұйымының 30 жылдық мерейтойы өтті.

ТЮРКСОЙ ұйымының 30 жылдық мерейтойы өтті.


Мерейтойлық шаралардың қорытынды салтанатында түркі дүниесінің әдебиеті мен өнеріне қосқан зор үлесі үшін Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов және Мұрат Әуез ТЮРКСОЙ ұйымының ең биік марапаты - ONUR NISANI - ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІ - алтын медалімен марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Біріккен де, бөлінген де заман өтті. Тоқ болған да, жоқ болуға таяған да дәуірлер өтті. Өтті, бірақ әлі кете қойған жоқ. Қауіп қашанда қабырға сыртында» - деді Мұрат Әуез ТЮРКСОЙ ұйымының 30 жылдық мерейтойы аясында өтіп жатқан кітап көрмесінің ашылу салтанатында.



Күні кеше ғана солтүстік көршіміздің өзімен бауырлас халықтың жұртын жер бетінен жоқ қылып жіберу жолындағы ақылға сыймайтын арпалысының куәсі болып отырмыз. Қаншама халық қырылды, қаңғып, босып кетті, әлі де қаншама боздақтың соры, адамзаттың азабы тұрғаны белгісіз.



Қанша жерден беті аулақ дегенімізбен, қауіп, міне, көз алдымызда, шынымен де қабырғамыздың сыртында ғана тұр.


Қай заманда да халықтың еңсесін көтеріп, жанын жадыратып, көңіліне қуаныш, жүрегіне рух берген - өнер, білім, мәдениет және соны жасаушы зиялы қауым. Теңіздің тамшысындай ғана болып көрінетін жазылған еңбек, салынған сурет, жасалған туынды біріге-бірлесе келе көзі қарақты оқырман мен көрерменді яки қарапайым халықты өзінің айналасына жинары хақ.


Міне, соның нәтижесі ретінде соңғы күндері Алматы қаласында түрік халықтарының залқар зиялылары бас қосып, береке-бірлік салтанатын бірге атқарды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.