AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинамен 54,5 м...

Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинамен 54,5 мыңнан астам қыз бала егілді

Медицина 01.11.2024, 14:18 1,436 Bakyt
 Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинамен 54,5 мыңнан астам қыз бала егілді
almaty-akshamy.kz
 

Бүгінгі күні Қазақстанда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинамен 11-13 жас аралығындағы 54,5 мыңнан астам қыз бала егілді.

Қазан айының басынан бастап еліміздің әр өңірінде жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы болып табылатын адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы 11 жастағы қыздарға вакцинация жүргізілуде. Сонымен қатар, 12-13 жастағы қыздарға қосымша иммундау шаралары да өткізіліп жатыр.

Өңірлер арасында АПВ-ға қарсы вакцинация бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Бұл аймақта 11,1 мыңнан астам қыз бала егілді. Шымкент қаласында – 5,3 мың, Қарағанды облысында – 4,3 мың, Жамбыл облысында – 4 мың, Астана қаласында – 3,7 мыңнан астам қыз балаға вакцина егілді.

Вакцина алғандар арасында иммундаудан кейінгі жағымсыз әсерлер тіркелген жоқ.

Қазақстанда екпелер мектептердегі медициналық кабинеттерде ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімімен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда ата-аналардың өтініші бойынша тіркелген жері бойынша емханаларда да вакцинация жасалады.

  • АПВ-ға қарсы профилактикалық вакцинация жатыр мойны обыры және басқа да онкологиялық аурулардың алдын алуға көмектеседі.
  • Қазақстанда жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші, ал фертильді жастағы (25-44 жас) әйелдер арасында сүт безі обырынан кейінгі өлімнің екінші себебі болып табылады.

Қосымша және сенімді ақпарат алу үшін egu.kz сайты сияқты ресми дереккөздерді, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санэпидбақылау комитетінің, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының және денсаулық сақтау басқармаларының ресми парақшаларын пайдалануға кеңес береміз.

Сондай-ақ, 7701 колл-орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық арқылы АПВ-ға қарсы вакцинация және басқа да вакцинацияларға қатысты сұрақтарға жауап алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#папиллома #Вирус #вакцина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);